Түркістан облысының тауарөндірушілері қыркүйектің 22-23 күндері Астана қаласында ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өткізеді. Осыған байланысты бүгін тауарөндірушілер 500 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерімен сапарға шықты.
Елорданың 20 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған жәрмеңкеде Түркістан облысының шаруалары Астаналықтарға ауыл шаруашылық өнімдерін ұсынбақ.
Мамандардың айтуынша алып барған тауарлар алдағы 22-23 қыркүйек күндері Астаналықтар үшін базар нарқынан 10-15 пайыз төмен бағада ұсынылады.
Айта кетсек, ағымдағы жылы Түркістан облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі 4 –ші рет ұйымдастырылып отыр. Бүгінге дейін бас қалаға жөнелтілген тауар көлемі 14 753 тоннаға жетті.
Сонымен қатар, биыл Түркістандықтар 500 мың тоннаға жуық ауылшаруашылық өнімдерін Рессейге, Беларуссияға, Латвияға және Германияға экспортаған. Ал, 1 млн. тонна тауар еліміздің солтүстік өңірлеріне жеткізілген. Ауыл шаруашылығында негізгі капиталға тартылған инвиститциялардың көлемі 9,1 млрд. тенгені құраған. Нәтижесінде 8 айда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы құны 249 056 млн. теңгені құрап отыр.
Бұл көрсеткішті өткен жылмен салыстырғанда 3,6 пайызға артқан.
Мақсат Тоқсанбай