2018 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша өткізілген ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Бұдан әрі-Агенттік) брифингінде Агенттіктің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Р.К. Тюлебаев 2018 жылдың 8 айында Агенттік және оның аумақтық департаменттерімен қабылданған шаралардың нәтижесінде 419 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылғандығын айтты.
Сонымен бірге, ағымдағы жылдың 8 айында Агенттікпен және оның аумақтық департаменттерімен мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша 243 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Барлығы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкімшілік жазалар бойынша бюджетке 10 528 333 тенге келіп түсті.
«Айғақ-ақпрат»