Мәсукедің бұрынғы мэрі Сергей Собянин бұл жолғы сайлауда да жеңіске жетіп, қаланы әрмен қарай басқара беретінін жеткізді. Бұл туралы nur.kz хабарлайды.
Мәскеудегі сайлау 9 қыркүйекте өткен болатын. Онда халықтың 70 пайыздан астамы Сергей Сабянинді қолдаған.
Ресей астанасын басқаруды қайта қолға алған басшы өзінің сайтында қолдау білдіріп, дауыс берген халыққа алғысын жеткізді. Сондай-ақ Мәскеуді гүлдендіру үшін барын салуға уәде етті.
Нақтылай айтқанда, Собянин қоғамдық көлік жұмысын реттеп, білім беру, денсаулық сақтау салаларын дамытуды, халықты әлеуметтік қамсыздандыруды көздеп отыр.