2018 жылы 9 қыркүйек күні Ресей Федерациясы, Дагестан Республикасын Халық жиналысының кезектен тыс сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібінде Ресей Президенті В.Путин Дагестан Республикасы басшысының лауазымына үш кандидатты ұсынды.
Атап айтқанда: Дагестан Республикасының басшысының міндетін атқарушы Владимир Васильевті «Единая Россия» партиясы ұсынса, «Справедлива Россия» партиясы Халық жиналысының вице-спикері Камила Давидеваны және «Коммунистическая партиясы» — КПРФ Халық жиналысының вице-спикері Махмуд Махмудовты ұсынған.
Дагестан Халық жиналысының депутаттары В.Васильевке 77 дауыс, К.Давидоваға 5 дауыс және М.Махмудовқа 4 дауыс берген. Барлығы 90 депутаттың 86-сы дауыс берген.Халық жиналысының депутаттары қазатың жігіті Владимир Васильевті Дагестан Республикасының басшысы етіп сайлады.
Анықтама:
Владимир Васильев Әбдуәліұлы 1949 жылы 11 тамызда Москва облысы Клин қаласында туылған. Әкесі Асанбаев Әли (Әбдуәлі) Асанбайұлы ұлты қазақ, мұғалім болып қызмет атқарған. Анасы Васильева Надежда Ивановна балабақшада тәрбиеші қызметін атқарған.
«Айғақ-ақпарат»