• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Ақпан 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Астанада «Мерейлi отбасы» ұлттық конкурсы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

10.09.2018
0

Жамбыл облысынан қатысқан Ниязқұловтар әулеті «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының 2018 жылғы лауреаты атанды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова жыл сайын өтетін «Мерейлi отбасы» ұлттық конкурсы жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты.

Іс-шараны ашқан Мемлекеттік хатшы әрі Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы рәсімге қатысушыларға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзін оқып берді.

Онда отбасы институтын нығайту тәуелсіздік жылдары мемлекетіміздің әлеуметтік саясатына айналғаны айтылған. Бұл бағытта маңызды шешімдер қабылданды. Елімізде жыл сайын Отбасы күні мейрамын атап өту мақсатымен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Бүгінде жүзеге асырылып жатқан «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» сияқты жалпыұлттық жобалар қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға, отбасыға жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған.

Отансүйгіштік, еңбекқорлық, мейірімділік пен қайырымдылық сияқты рухани құндылықтарды бойына сіңірген отбасылар конкурстың жеңімпаздары болып саналады.

Салтанатты іс-шара аясында Мемлекеттік хатшы ақтық кезеңге өткен әрбір отбасыға диплом мен бағалы сыйлықтар тапсырды.

Конкурстың соңғы кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаз отбасы 31 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында өткен sms/интернет арқылы дауыс беру нәтижесінде анықталды. Жамбыл облысынан қатысқан Ниязқұловтар әулеті «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының 2018 жылғы лауреаты атанды. Отағасы Ниязқұлов Үмен (83 жаста) 40 жылдан астам уақыт ауыл мектебінде мұғалім, директор қызметтерін атқарған. Зайыбы Ниязқұлова Баян (80 жаста) 26 жыл бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген. Аға буынның педагогикалық қызметін балалары мен немерелері жалғастыруда. Әулеттің 3 буынының жалпы  педагогикалық өтілі – 198 жыл. Ерлі-зайыптылар 62 жыл бірге өмір сүріп келеді, 12 бала, 32 немере, 20 шөбере тәрбиелеп, өсіріп отыр.

Гүлшара Әбдіқалықова жеңімпаз отбасыға салтанатты түрде естелік мүсінше мен автокөлік кілтін табыс етті.

Марапаттау рәсімі қазақстандық танымал эстрада әртістерінің мерекелік концертімен аяқталды.

BNews.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТАН БІЛІМ АЛУДА

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТАН БІЛІМ АЛУДА

Айғақ медиа
11.02.2026
0

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінде мектеп оқушылары онлайн форматқа көшті. Астанада бірінші ауысымдағы 0–6 сыныптар қашықтан білім алуда....

ПРЕЗИДЕНТ: ЦИФРЛАНДЫРУ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫНА ТІКЕЛЕЙ ӘСЕР ЕТЕДІ

ПРЕЗИДЕНТ: ЦИФРЛАНДЫРУ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫНА ТІКЕЛЕЙ ӘСЕР ЕТЕДІ

Айғақ медиа
10.02.2026
0

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысып, елдің дамуына қатысты бірқатар салалар мен келелі істер бойынша сөз сөйледі. Соның бірі -...

АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ БЕКІТІЛДІ

АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ БЕКІТІЛДІ

Айғақ медиа
10.02.2026
0

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Менің тапсырмаммен былтыр 2030 жылға дейін аймақтарды дамытуға арналған тұжырымдама бекітілді. Басты мақсат – өңірлер арасындағы әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті...

СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ 847 МЛН ТЕКШЕ МЕТР СУ ҮНЕМДЕЛДІ

СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ 847 МЛН ТЕКШЕ МЕТР СУ ҮНЕМДЕЛДІ

Айғақ медиа
10.02.2026
0

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздің су шаруашылығын жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан...

ҚРКФ ТӨРАҒАСЫ: «ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – АДАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖҮЙЕДЕН ЖОҒАРЫ ТҰРАТЫН ЗАҢ»

ҚРКФ ТӨРАҒАСЫ: «ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – АДАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖҮЙЕДЕН ЖОҒАРЫ ТҰРАТЫН ЗАҢ»

Айғақ медиа
06.02.2026
0

Сәрсенбі күні, 4 ақпанда, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы, Конституциялық комиссияның мүшесі Сатыбалды Дәулеталиннің жетекшілігімен Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын талқылау...

ТӘТТІГҮЛ ТАЛАЕВА  “ПАРАСАТ” ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

ТӘТТІГҮЛ ТАЛАЕВА “ПАРАСАТ” ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
21.01.2026
0

Ақтөбе облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Талаева Тәттігүл Жақсыбайқызы Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік марапаты – «Парасат» орденімен марапатталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.