• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қараша 22, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Сенаторлар Сағынтаевқа Жамбыл облысының өзекті мәселелері жөнінде депутаттық сауал жолдады

08.09.2018
0

Сенат депутаттары Үкімет басшысынан өңірдің әлеуметтік маңызды жобасын іске асыруға республикалық бюджеттен 2019 жылға қаржы бөлінуге ықпал етуін сұрады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әбдәлі Нұралиев пен Мұратбай Жолдасбаев ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа Жамбыл облысының өзекті мәселелерін шешуде ықпал етуін сұрап, депутаттық сауал жолдады. Сенаторлардың депутаттық сауалы осы жылдың тамыз айында аймақтарда болған іссапары барысында, жергілікті тұрғындар көтерген өзекті мәселелерге байланысты, деп хабарлайды bnews.kz.

«Жамбыл облысында пайдаланатын ағын су ресурстарының 80 пайызы көршілес Қырғыз Республикасының аумағынан басталып, транс­шекаралық өзендер арқылы берілетіні белгілі. Соңғы жылдары Қырғыз Республикасының «Кировское» су қоймасынан Жамбыл облысы «Талас» өзеніне құятын су көлемі, әлдебір уақыттары келісімсіз, белгіленген мөлшерден көп жіберілуі салдарынан 25,022 км арақашықтықта өзен арнасы едәуір шайылып, жақын маңдағы елді мекендерге су жайылу қаупі туындауда», — делінген жолданған депутаттық сауалда.

Әбдәлі Нұралиев берген мәліметке сәйкес, аталған өзен жағалауында төтенше жағдайдың орын алуына жол бермеуді қажет ететін ірі елді мекендер – Жасөркен, Қызылқайнар Жамбыл ауданында, Талас, Казпоселок, Сарыкемер, Түймекент Байзақ ауданында, Тектұрмас, сондай-ақ Тараз қаласында орналасқан «Дачный массив». Қатерлі аймақта автомобиль жолдары, электр жүйелері және газ тасымалдау қондырғылары бар. Өкінішке қарай, 2016 жылғы 15 маусымда Кировское су қоймасынан Талас өзеніне құятын су көлемінің артуына байланысты Жамбыл ауданының Қызылқайнар, Жасөркен ауылдарына газ тасымалдайтын жоғары қысымды құбырдың (диаметрі 219 мм) тірегі шайылып, істен шыққан болатын. Соның салдарынан 720 үй-абоненттер отынсыз қалған.

Мұратбай Жолдасбаевтың сөзінше, жергілікті атқарушы органдар тарапынан, төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында «Жамбыл облысында Тараз қаласының және Жамбыл, Байзақ аудандарындағы Талас өзені арнасы бойындағы жағалауды бекіту жұмыстары бойынша» жобалау сметалық құжаттары әзірленіп, 2017 жылғы 1 шілдеде мемлекеттік сараптаманың №19-0213/17 оң қорытындысы алынған. Сметалық құжат құны – 3 477 257 мың теңге. 2018 жылы жергілікті бюджеттен 10 млн теңге көлемінде қосымша қаржыландыру есебінен жағалауды бекіту жұмыстары басталды. Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржыландыруды қажет етеді.

«Құрметті Бақытжан Әбдірұлы, 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру барысында жоғарыда аталған Жамбыл облысының әлеуметтік маңызды жобасын іске асыруға республикалық бюджеттен 2019 жылға қаржы бөлінуге ықпал етуіңізді сұраймыз», — деп түйіндеді Сенат депутаттары.

Бюджеттік өтінім және қажетті құжаттар мен МС көшірмесі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне тапсырылған.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МЕДИА КЕҢІСТІГІНДЕГІ ЗАМАНАУИ МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МЕДИА КЕҢІСТІГІНДЕГІ ЗАМАНАУИ МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
18.11.2025
0

Бүгін Алматы қаласында екі күнге созылатын «Түркі әлемінің медиа кеңістігі: жаңа дәуірдегі міндеттер мен мүмкіндіктер» атты VI Халықаралық түркітілдес журналистер...

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ ДАЙЫНДАЙТЫН «SAQ-2024» ЖОБАСЫ

Айғақ медиа
12.11.2025
0

«SAQ-2024» жобасы шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушыларының қауіпсіз мінез-құлық...

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

Айғақ медиа
10.11.2025
0

Нұрбек Жаhангерұлы Төкеевпен таныстығым өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғы болатын. Ол кезде мен Алматыдағы политехникалық институтында оқимын. Жазғы демалыс кезінде, өзім...

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Айғақ медиа
07.11.2025
0

 Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.