Ақтөбе облысында құны 100 млн еуро болатын жел электр станциясы салынады.
«Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында Астанадағы EXPO-2017 халықаралық көрмесінде көрсетілген ВИЭ технологиясы қолданылатын қуаты 48 МВт болатын жел электр станциясын ENI және GeneralElectric корпорациясы салатын болды», — делінген бейсенбідегі хабарда.
Тиісті меморандумға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен ArmWind (құрылтайшылар — ENI — 90%, GeneralElectric — 10%) компаниясының директоры Абрамо Фердинандо қол қойды.
Хабарда нақтыланғандай, жел электр станциясының жоспарланған жылдық қуаты 190 ГВт/сағ. құрайды. Инвестиция сомасы — шамамен 100 млн еуро. Нысан құрылысы осы жылдың IV тоқсанында басталады деп жоспарлануда, ал пайдалануға 2019 жылдың аяғында беріледі. Құрылыс кезеңінде 300 жұмыс орны ашылды.
Сондай-ақ, Мәртөк ауданында да жел энергетикасы қондырғысының құрылысы бойынша «ЖелЭнерго» ЖШС-мен меморандум жасалған. Бұл жоба технологиясы да EXPO-2017 халықаралық көрмесінде таныстырылды.
ҚазТАГ