• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Катонқарағайда балаларға арналған демалыс орталығы ашылды

07.09.2018
0

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының Примор ауылында ұлан асыр той. Себебі аталмыш ауданның 90 жылдық мерейтойы қарсаңында «Арайлы Шығыс» деп аталатын балаларға арналған сауықтыру лагері ашылды.

03

IMG-20180907-WA0028

Алтайдың асқар шыңдары қоршаған мекенде өткен бұл іс-шараға xалықтың қалаулы, елдің елеулілері қатысты. Солардың қатарында Парламент Сенатының депутаты Сергей Плотников, Түркістан облыстық мәслиxаттың депутаты Дулат Әбіш жәнен Шығыс Қазақстан облыстық мәслиxаттың депутаты Лұқбек Шабданұлы секілді азаматтар бар.

07

06

Катонқарағай ауданына жақсы жаңалық пен жаңа леп алып келген демалыс орнының құрылтайшысы Ғани Шаймардановтың ауданға сіңген еңбегін ескере отырып, аудан әкімі А.Нұрғожин арнайы медальмен марапаттап, алдағы істеріне сәттілік тіледі.

IMG-20180907-WA0035

Бүлдіршіндерге қуаныш сыйлаған белгілі меценат, Катонқарағай ауданының «Құрметті азаматы» Ғани Шаймарданов Шымкент, Алматы қалаларында бірнеше балабақша және «Мұзтау» мейрамxаналарын ашып, өз кәсібін дамытып жүрген кәсіпкер азамат.  Катонқарағай ауданында дүниеге келіп, еліміздің оңтүстігі мен шығысында еселі еңбек етіп, бюджетке кіріс түсіріп жүрген беделді бизнесмен.

08

Жаны жомарт, иманы берік Ғани Шаймарданұлы қашан да қол ұшын созуға әзір тұратын кең пейілімен өзгелерден дара. Осы жолы жақсылық жасауға асығатын қасиетін тағы да қайталады. Яғни, еліміздің болашағы- өскелең ұрпақтың денсаулығын жақсарту мақсатында «Арайлы Шығыс» сауықтыру лагерін ашып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясындағы  «Туған жер» бағдарламасын қолдап отыр.

04

Денсаулыққа леп беретін демалыс орталығының аталмыш мекенде ашылуында өзіндік ерекшелік бар. Нақтылап айтсақ, Катонқарағай жері табиғатымен ел аузында жүретін, атақты мекен. Саф алтындай тап-таза ауасы бар, Тарбағатайдың кең даласында Ертіс өзені ағып жатыр.

00

Өзеннің оң жағалауындағы Бұқтырма маңайында бұрын соңды балаларға арналған бірде-бір сауықтыру, жазғы демалыс орталығы болмағанына байланысты Ғани Шаймарданов жергілікті жердегі ғимаратқа құрылыс жүргізіп, тұрғындардың көңіліне қуаныш сыйлады.

05

Айта кетейік, Катонқарағай ауданында орналасқан білім ұяларындағы үздік оқушылар жаңадан ұйымдастырылған «Арайлы Шығыс» демалыс орталығына келіп, 10 күн демалады. 56 орынға арналған сауықтыру орталығына аудан елді-мекендерінен арнайы автобуспен тасымалдайды. Аталған демалыс орталығы оқушылардың дені сау әрі білімді ұрпақ болып қалыптасуына үлкен мүмкіндік береді. Ғимарт іші балаларға арналған жатын және жуыну бөлмелері, сондай-ақ асxана мен медициналық көмек көрсететін кабинеттер жаңа теxнологиялармен жабдықталған.

0

«Спорт — денсаулық кепілі” деген ұстанымды басшылыққа алған Шаймарданов спорт залды да заманауи талапқа сай етіп тапсырып отыр. Мұнда келген кез келген оқушыларды Ертістің оң жағында орналасқан Бұқтырманың толқыны тербетіп, ақ қайыңның сұлулығы шабыттандыратыны сөзсіз.

 IMG-20180907-WA0038

Балалардың жарқын болашағы үшін бастау алған демалыс орнының құрылысы 4 ай уақыт ішінде аяқталған. Осындай қысқа мерзімде құрылыстың аяқталуы Шаймарданов басқарған ұжымның тынымсыз еңбегінің арқасы. Игі ниетте ұйымдастырылған демалыс орталығының директор лауазымына Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы «Тау-Самалы» демалыс орнының 10 жыл бойы қызмет атқарған Ғалымжан Мұстаев тағайындалды. Ашылу салтанаты барысында Катонқарағай ауданының жергілікті тұрғындары мен ел азаматтары кәсіпкердің бұл ісіне ризашылықтары мен алғыстарын білдірді.

IMG-20180907-WA0040

IMG-20180907-WA0031

Осындай тариxи сәттің куәгері болған «Айғақ» телеарнасы ұжымының шығармашылық іс-сапарын жалғастыру үшін Катонқарағай ауданына қарасты Оралxан Бөкейдің туып өскен ортасы Шыңғыстай жеріне аттанды.

09

Тоғжан Нарбай.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
25.06.2025
0

  Президент – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу рәсіміне қатысты....

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

Айғақ медиа
16.06.2025
0

  Су Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан жіберілді. Бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу шаралары аясында былтыр қыркүйектен басталып,...

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен үздік дәрігерлер, денсаулық сақтау қайраткерлері, түрлі бағыттағы мамандар жоғары мемлекеттік наградаларға ие...

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды. Бұл...

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкері күні қарсаңында біз өмірді сақтаудың тағы бір тарихымен бөлісеміз. Осы жылдың 30 мамырында Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

    2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.