Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі өз жұмысын бастады.
Халықаралық ұйымның штаб-пәтері Түркияда орналасқан. Кеңес құрамына Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан елдері кіреді. Бұл мемлекеттердің халық саны 140 миллионнан асып жығылады.
Құрылым құрамына Солтүстік Кипр мен Түрікменстан енбейді. Кипрдің «жартылай мойындалған» мемлекет болуы оған басты себеп. Ал Түрікменстанның ұйымға қосылуы туралы мәлімдеме 2014 жылы Бодрумде айтылған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі 2009 жылы құрылған. Ұйымның негізін Қазақстан, Түркия және Әзербайжан елдері қалаған.
24.kz.