• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Шілде 6, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Білім

«Сыңғырла күміс қоңырау!»

01.09.2018
0

Бүгінгі 2018-2019 оқу жылын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 5 шілдедегі №322, аудандық білім бөлімінің 2018 жылғы 14 тамыздағы №248, мектепішілік 2018 жылғы 25 тамыздағы №209 оқу жылын бастау туралы бұйрығына сәйкес лицей-интернат ұжымы оқу жылы басында мектепалды даярлық топтарында 47 тәрбиеленушімен, 1-11 сыныптарда 785 оқушымен бастағалы отырмыз. Атап айтып кететін нәрсе мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған 1-сыныптар 93 бүлдіршінмен толықты. Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша 718 оқушының 23 пайызы яғни 161 оқушы үздік, 39 пайызы 276 оқушы екпінді атанып, оқу жылы басында білім сапасы 56 пайыз болса, оқу жылы соңында 61 пайыз болып өсу динамикасы анықталды. Биылғы оқушы саны өткен оқу жылымен салыстырғанда 70 оқушыға артып отыр.

40525844_665642857153784_5871639680008585216_n
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы №702 Жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысы атауы Түркістан облысы болып өзгеріп, орталығы түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы Түркістан қаласы болды. Осы орайда бүгінгі алғашқы білім сабағы «Қазақстаным – жүрегім, Түркістаным – тірегім» тақырыбында өтті.

40520197_665644807153589_4285611676113305600_o
Биылғы оқу жылы несімен ерекшеленеді? Өткен жылы Елбасы, Үкімет біздің білім саласына, жастарымызға, ұстаздарға ерекше назар аударып, үлкен қамқоршылық көрсетіп, осының арқасында біршама маңызды мәселелер шешілді. Жаңа оқу жылынан бастап 3, 6, 8-ші сыныптаржаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасымен оқиды. Қазіргі таңда аталған сыныптар оқулықтармен 100% қамтамасыз етілді.«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 5-7сыныптар «Өлкетану» курсын алғаш ретөңірлер бойынша құрылған оқулықпен оқиды. Биыл «Информатика» пәні 3-сыныптан басталады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өз тарапынан педагогтар толтыруға тиіс құжаттардың тізбесін бекітті.Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақ беретін мұғалімдердің жалақысы 30%-ға көбейді және биыл педагогтарды аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізілді. Ол біліктілік санаттары үшін лауазымдық жалақыға 30-дан 50%-ға дейін қосымша үстемақы төленеді.

40496156_665644323820304_8796482756130373632_o
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында жастардың заман талабына сай білім алуы үшін үлкен мүмкіндіктер жасау керектігі айтылып, білім беруді инновацияландыруға сай икемдеу үшін оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беру жүйесін ақпараттандыру талабы қойылып отыр. Осы орайда алдағы оқу жылы барысында оқушыларға 96 мұғалім, 53 тәрбиеші сапалы білім, саналы тәрбие беруде аянбай еңбек етеді. Жалпы педагог қызметкерлердің 19 жоғары санатты, 56 бірінші санатты, 40 екінші санатты, 34 жалпы санатты мұғалімдер мен тәрбиешілер. Оқу жылы барысында 510-ға жуық тәрбиеленуші интернат есебіне қабылданып ыстық тамақпен, 210-ға жуық тәрбиеленуші жатақханамен қамтамасыз етіледі. Көшбасшылық және тиімді оқыту бағдарламасы аясында 12 мұғалім деңгейлік курстан, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 62 мұғалім өз білімін жетілдіру курстарынан, алдағы уақытта жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде өтетін 3 пән мұғалімі курстан өтті.

40442053_665643713820365_4818845738656071680_o
Қазіргі таңда білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында өткен оқу жылында мектебіміздің АКТ залы, оқу ғимараты, жатақханалар жаңартылған білім беру мазмұны аясында заман талабына сай безендірілді, яғни стенділермен жабдықталды.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ» — деген нақыл сөзін берік ұстанған ұжым үшін өткен2017-2018 оқу жылы өнер мен білімнің биік шыңын бағындырған нәтижелі жыл болды.

40458298_665643537153716_2311055231200264192_o
Мәдени іс-шаралардың қорытындысы бойынша:
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала аясында өткен, «Туған жерге тағзым!» атты өнер фестивалінде облыстықмектеп-интернаттар арасында ұжымымыз «Бас жүлдені» иеленді.
Оқушылардың пәндік олимпиадасының қорытындысы бойынша:
Облыстық деңгейде 2 оқушы ІІІ орын, 2 оқушы «Алғыс хатпен» марапатталып, нәтижесінде аудандағы 29 жалпы орта, негізгі орта мектептердің арасында аудандық білім бөлімінің рейтингісі бойынша І орынды иелендік.
ҰБТ қорытындысы:
2017-2018 оқу жылында 11-сыныпты бітіруші 47 түлектен 40 оқушы ҰБТ-ге қатысты.
ҰБТ нәтижесі бойынша көрсеткішіміз 98,3 балл құрап, 29 оқушы мемлекеттік грант иегері атанып, яғни 73℅-ды құрады. «Алтын белгі» аттестатын 7 оқушы қорғап шықты. Нәтижесінде аудандағы 23 жалпы орта мектептердің арасында аудандық білім бөлімінің рейтингісі бойынша І орынды иелендік. Қазіргі таңда шәкірттеріміз республикамыздың мемлекеттік, ұлттық жоғары оқу орындарының студенті атанды.

40549842_665645210486882_4277460927697125376_o

40472895_665645533820183_7214239503186132992_o
Құрметті әріптестер баршаңызды жаңа 2018-2019 оқу жылымен құттықтай отырып, мемлекет, қоғам қайраткері, ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді.»- деген қанатты сөзімен аяқтап, жаңа оқу жылында шығармашылық табыстарға жете берулеріңізге, әрбір ұстаз ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат, ұшқыр ойлы, өткір сезімді, қайратты, жаңашыл шәкірт тәрбиелеуіне тілектеспін. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!!!
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны» деген өнегелі сөзін берік ұстанған мұғалімдеріміз биылғы оқу жылында мынадай жетістіктерге жетті.
«Сапалы білім мен саналы тәрбие» берудегі еселі еңбегі үшін тарих пәнінің мұғалімі Қ.Ахметова, технология пәнінің мұғалімі А.Әжімұратов облыстық білім басқармасының «Алғыс хатымен», пәндік олимпиада нәтижесі бойынша математика пәнінің мұғалімі А.Егентаева ІІ дәрежелі «Дипломмен» марапатталды. Оқушылардың пәндік олимпиадасының аудандық кезеңінен шәкірттеріміз 7 оқушы І орын, 2 оқушы ІІ орын, 4 оқушы ІІІ орын, 7 оқушы «Алғыс хатпен» марапатталып, облыстық кезеңде география пәнінен 10 «Б» сынып оқушысы Н.Есенәлиева жетекшісі К.Әбішева, химия пәнінен 9 «Б» сынып оқушысы Ә.Әбдіразақ жетекшісі М.Бұйрабай ІІІ орындарды иемденсе, информатика пәнінен 11 «Ә» сынып оқушысы Б.Әлімқұл жетекшісі Л.Досан, биология пәнінен 11 «Ә» сынып оқушысы А.Уәлихан жетекшісі Қ.Әбсаттарова «Алғыс хаттармен» марапатталып, аудан абыройын асқақтатты. Нәтижесінде лицей-интернат ұжымы аудан мектептері арасында пәндік олимпиадада жеңімпаз атанды.Атап айтар жетістігіміз облыстағы 14 мектеп-интернаттар арасында өткен «Туған жерге тағзым» атты өнер фестивальінде лицей-интернатымыз бас жүлдені жеңіп алып, білім мен өнерді қатар ұстанған ұжым қатарынан 4 дүркін бас жүлде иегері атанды.
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала аясында ұйымдастырылған «Дарындылықтың қайнар көзі – мектеп» тақырыбындағы аудандық практикалық ғылыми конференцияда «Роботты техника» курсы бойынша білім алып жатқан информатика пәнінің мұғалімі Н.Әуелбекұлының шәкірттері құрастырып, ойлап тапқан «Ақылды жылжай», «Робот сапер», «GPS трекер» және де басқа құрылғылары аудан әкімі Е.Қуанышұлының тарапынан жоғары бағаланып, алдағы уақытта құрылғыларды іске асыру ұсынылды.
Елбасымыздың «Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ» деген нақыл сөзін ұстаным еткен ұжым қызметкерлері «Шағын жинақталған мектеп проблемаларын Ресурстық орталықтар арқылы шешу механизмдері» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтіп, облыстық әдістемелік кабинеттің «Алғыс хатымен», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ең үздік Ресрустық орталық» сертификатымен марапатталды.
Биылғы 11-сыныпты бітіруші түлектер аттестат алу үшін 4 негізгі пәннен 1 таңдау пәнінен емтихан тапсырып, жоғарғы оқу орнына түсу үшін ҰБТ-ге қатысады. Бітіруші 47 оқушыдан 40 оқушы ҰБТ-ге қатысуға өтініш білдірді. Жеті оқушымыз «Алтын белгі» белгісінен үміткер.
Ұядан ұшқалы тұрған түлектерге тілерім, Елбасымыз айтқандай үш тілді жетік меңгеріп, рухани бай, білімді азамат болыңдар деймін. Сосын мәпелеген ата-ана, білімге баулыған ұстаздарыңды қадірлей біліп, солардың үмітін ақтауға шақырамын, қай жерде болса да еліміздің атын паш етіп, биіктен көрініп жүре беріңдер деп тілеймін. Алдағы ҰБТ-де жоғары балл жинап, армандаған жоғарғы оқу орнының студенті атанып, таңдаған мамандықтарыңның иесі атана беріңдер.
Көңіл бөліп, зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!!!

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

Айғақ медиа
03.07.2025
0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОҚАЕВҚА АШЫҚ ХАТ АСА МӘРТЕБЕЛІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ! Адамзат тарихында озық ойлы, ғылыми жаңалығы үшін қудалауға ұшыраған...

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкенттегі жекеменшік зертханалардың бағасы тексерілмейді. Баға саясаты әр мекеменің ішкі тәртібі мен нарық жағдайына байланысты қалыптасады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту...

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкент – аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эндемиялық аймақтардың қатарында. Өткен жылдың дерегі бойынша қаладағы 11 елді мекен бұл тізімге...

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Жаз мезгілінде шомылу маусымының қызуына байланысты су айдындарында қауіпсіздік мәселесі күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың біріне айналып отыр. Осыған орай, Шымкент...

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай профилактикалық іс-шаралар өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент...

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкентте Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай жастарға арналған концерт ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.