Биыл Үкімет бизнес ортаны, соның ішінде туризмді ары қарай дамыту үшін заңнамалық өзгерістердің пакетін енгізеді. Бұл туралы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Үкіметке туризмді дамытудың 2023 жылған дейінгі мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу тапсырылды. Биыл Қазақстанда туризм мүмкіндігі жоғары бірнеше орындарды аралап келдім. Бұл жерлердің әлеуеті жоғары, алайда жұмыс істеу керек, әсіресе, туризм инфрақұрылымына қаржы мен күш-жігерді салу қажет. Бизнес бұл салға баруға әзір. Осы бағдарламаны соңына дейін жеткізу керек», — деп тапсырды Мемлекет басшысы.
Президент бағдарлама қаржылық тұрғыда қажетті заңнамалық базамен негізделуі тиістігін, сондай-ақ туристік қызмет мәселелері жөніндегі заңнамаға өзгерістерді биылдың соңына дейін қарастыру қажеттігін атап өтті.