• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Шілде 7, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан Президенті Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының отырысына қатысты

25.08.2018
0

Қарсы алу рәсімі аяқталған соң мемлекеттер басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы отырыстары өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

turkmenstan1

Мемлекет басшысы саммиттің Халықаралық Аралды құтқару қорының 25 жылдығы қарсаңында өтуінің символдық мәні зор екенін айтып, осы жалпыөңірлік маңызды басқосу алаңының алғашқы күндерінен бастап мұнда Арал теңізі мен Арал аймағының күрделі әлеуметтік-экономикалық, су шаруашылығы және экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған жұмыстардың атқарылып жатқанын атап өтті.

turkmestan3

– Аралды құтқару қоры халықаралық деңгейде белсенді жұмыс жүргізуде. Соның арқасында Арал өңіріне әлемдік қоғамдастық пен халықаралық қаржы институттары тарапынан айтарлықтай көмек көрсетіліп келеді. Біздің бірлесе жұмыс істегеніміздің арқасында бұл қор Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие болды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Орталық Азиядағы трансшекаралық су ресурстары өңірдегі халықтардың ортақ игілігі екеніне тоқталды, сондай-ақ осы аймақтағы мемлекеттердің барлығы тиімді шешімдер іздестіріп, оңтайлы идеялар мен нақты жобалар ұсынып жатқанын айтты.

– Түрікменстанның бастамасы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының деңгейінде Арал аймағы елдеріне арналған БҰҰ-ның Арнайы бағдарламасын қабылдау мәселесі қарастырылуда. Тәжікстанның ұсынысы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2018 жылдан бастап «Су – орнықты даму көзі» атты халықаралық іс-қимылдың онжылдығын жариялады. Өзбекстан биылғы маусым айында Ташкентте Орталық Азияның халықаралық экологиялық форумын жоғары деңгейде өткізді. Қырғызстанның бастамасы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылымдарының қолдауымен «Шу және Талас өзендерінің бассейндеріне арналған іс-қимылдардың стратегиялық бағдарламасы» әзірленді, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның осы бағытта белсенді жұмыс атқарып жатқанын айтып, елдер делегацияларын биылғы 10-12 қазанда Астанада өтетін Трансшекаралық су ағыны мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі БҰҰ конвенциясына мүше тараптар кеңесінің Сегізінші сессиясына қатысуға шақырды.

turkmenstan1

Қазақстан Президенті бірлескен іс-қимылдың арқасында қол жеткізілген оң нәтижелерге арнайы тоқталды.

– «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» ауқымды жобасын жүзеге асыру нәтижесінде Сырдария өзенінің төменгі саласындағы экологиялық жағдай елеулі түрде жақсарды. Солтүстік Арал қалпына келіп, онда судың деңгейі 2010 жылдан бері тұрақты түрде 42 метрлік көрсеткішті ұстап тұр. Судың тұздылығы төмендеп, теңіздің қоректік базасы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қалпына келуде. Арал теңізінің қазақстандық бөлігіндегі микроклимат пен әлеуметтік жағдай жақсарды. Балық өңдейтін бірқатар кәсіпорын ашылып, олардың өнімі шетелге экспортталуда, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев шағын құрамда өзекті проблемалардың, ұйымның тиімділігін арттыруға және бірлескен күш-жігерді үйлестіруге бағытталған Халықаралық Аралды құтқару қоры міндеттерінің егжей-тегжейлі талқыланғанына назар аударып, Қазақстан ұсынған шараларға арнайы тоқталды.

– Қордың қазіргі институттарының негізінде Халықаралық Аралды құтқару қорының ұйымдастырушылық құрылымы мен шарттық-құқықтық базасын жетілдіру қажет. Арал теңізі бассейнінің су ресурстарын басқару жүйесін автоматтандырудың, бөлудің, есепке алудың, мониторинг жасаудың, соның ішінде олардың сапасын жақсартудың уақыты келді. Қазіргі жағдайда Орталық Азияның халықаралық су-энергетикалық консорциумын құру мәселесіне қайта оралудың маңызы зор. Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетін елдеріміздің біріне тұрақты орналастыру мәселесін қарастыру керек, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы бүгінгі кездесу халықаралық ауқымдағы маңызды оқиға болып саналатынын және су ресурстары мен экология мәселелері бойынша өңірлік кооперация үдерісіне тың серпін беретінін атап өтті.

– Біз мұнда жаңа басымдықтар мен міндеттерді анықтадық. Орталық Азияның орнықты дамуы мен өркендеуі үшін бұл мәселелерді шешудің маңызы аса зор. Сондықтан, мұның бәрі біздің әрі қарай бірлесіп үйлесімді іс-қимыл жасауымызды талап етеді. Мен Қазақстанның әрқашан да өңірлік ынтымақтастық мәселелері жөнінде дәйекті әрі сенімді әріптес екенін және солай болып қала беретінін нық сеніммен айтқым келеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

Айғақ медиа
03.07.2025
0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОҚАЕВҚА АШЫҚ ХАТ АСА МӘРТЕБЕЛІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ! Адамзат тарихында озық ойлы, ғылыми жаңалығы үшін қудалауға ұшыраған...

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкенттегі жекеменшік зертханалардың бағасы тексерілмейді. Баға саясаты әр мекеменің ішкі тәртібі мен нарық жағдайына байланысты қалыптасады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту...

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкент – аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эндемиялық аймақтардың қатарында. Өткен жылдың дерегі бойынша қаладағы 11 елді мекен бұл тізімге...

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Жаз мезгілінде шомылу маусымының қызуына байланысты су айдындарында қауіпсіздік мәселесі күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың біріне айналып отыр. Осыған орай, Шымкент...

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай профилактикалық іс-шаралар өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент...

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкентте Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай жастарға арналған концерт ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.