• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Сәуір 1, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Нұрлан Ноғаев: «Мектеп сауда орны емес»

18.08.2018
0

15 тамызда Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев білім беру саласының қызметкерлерімен кеңес өткізіп, білім беру объектілерінің жаңа оқу жылына дайындығы мәселесін қарады, Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

atrau1

Жаңа оқу жылына дайындық туралы облыстық білім беру басқармасының басшысы Қайырғали Кенжеғалиев баяндады.

-Облыстың оқу орындарын ағымдағы жөндеу үшін бюджеттен 328,2 млн. теңге бөлінді. 2 млрд теңгеден астам қаржы 18 оқу орнын күрделі жөндеуге жұмсалды. Күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан барлық мектептерде жұмыстар 1 қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс. Сонымен бірге бүгінгі күні 30 оқу орнының құрылысы жүргізілуде. 8 мектеп және 14 балабақшаны ағымдағы жылдың аяғына дейін пайдалануға беру жоспарлануда, — деді Қайырғали Кенжеғалиев.

Мектептердің оқу жылына жүз пайыз дайындығын облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Темірбек Мұсағалиев жоққа шығарды.

-Қалада апатты жағдайға жақын күйдегі мектептер де бар. Олардың жай-күйі жақсы деуге келмейді, жасайтын жұмыстар жетерлік. Жөндеуді қажет ететін басқа да білім беру объектілері бар, — деп мәлімдеді Темірбек Мұсағалиев.

Өңір басшысы мектептер директорлары мен білім беру басқармасы басшысының жауаптарын тыңдап, оған проблемалық мектептер туралы барлық ақпаратты ұсынуды тапсырды.

-Білім беру басқармасы басшысының баяндамасында бұл мәліметтер неге жоқ? Біз проблеманы тауып, оны шешуіміз қажет, барлығы жақсы деген түр танытып, бір бірімізден жасырудың керегі жоқ. Егер оқушыларды қабылдауға дайын емес мектептер болса, жедел түрде бұл мәселені шешу қажет. Қала әкімі мен облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына осы мектептерді тексеруді және қысқа мерзімде ұсыныс беруді тапсырамын, -деді Нұрлан Ноғаев. – Барлық әлеуметтік объектілер ерекше бақылауда болуы қажет. Барлық деңгейдегі әкімдер, білім беру саласының қызметкерлері мектептердің жаңа оқу жылына дайындық процесін өздері бақылауға міндетті.

Кеңесте ағымдағы жылы оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етуде проблема болмайтыны айтылды. Жергілікті бюджеттен 2,5 млрд теңгеден астам қаражат қажетті оқу материалдарын сатып алуға бөлінді.

-Маған ата-аналардан шағымдар түсуде, олар оқу орындарында түрлі гаджеттерді, ойын құралдарын, қажетсіз оқу құралдарын, күмәнді қызметтерді сатуды тоқтатуды сұрайды. Егер мектеп әкімшілігі мұның қажеттілігі бар деп есептесе – мұны ата-аналар жиналыстарында, қамқорлық кеңестерінде ұсыныңыздар. Бұларды балаларға сатудың қажеті жоқ. Мектеп – сауда орны емес, оқу ордасы. Бұл тәжірибені тоқтату қажет. Жауапты тұлғалар мұны бақылауға алады, — деп баса айтты Нұрлан Ноғаев.

Өңір басшысы атап өткендей, білім беру саласы қоғам алдында үлкен жауапкершілік алады. Оқу орнын бітіруші қандай білім алса, болашақта ол қоғам үшін сондай үлес қосары анық.

-Мемлекет басшысы қоғамның алдына үлкен мақсаттар қойып отыр. Оларға жету үшін елімізге кәсіби, білімді кадрлар қажет. Ал бұл сіздердің жұмыстарыңыз, сіздің тікелей міндетіңіз. Егер сіз болмасаңыз мұнымен кім айналысады? Педагогтарды барлық уақытта да үлгі етеді, сіздер болашақ ұрпақты тәрбиелеп отырсыздар. Біз барлық қажетті жағдайларды жасаймыз, барлық қажетті қаржыны бөлеміз. Сіздердің міндеттеріңіз – балаларға барлық жақсыны беру, — деп сөзін қорытындылады Нұрлан Ноғаев.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

⚡️Түркістан төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табысталды. Салтанатты рәсімде...

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Шымкентте А.Асқаров атындағы мемлекеттік дендрологиялық саябақ аумағында келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында маңызды жоба сәтті жүзеге асырылды. Жасанды көл маңындағы...

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

 Шымкентте Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын форматтағы отырысы өтті. Оған Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин,...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық аясында Түркістан облысы биыл ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріп отыр. Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында...

КҮРІШ ПЕН МАҚТА ЕГІСТІКТЕРІ АЗАЯДЫ

КҮРІШ ПЕН МАҚТА ЕГІСТІКТЕРІ АЗАЯДЫ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

24 ақпанда өткен Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы пысықталды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мақта мен күріш егілетін...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.