2018 жылдың 1-ші жарты жылдығында атқарылған жұмыстарының қорытындысы туралы өткізілген бринфингте Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ұсынысы боынша берешектерін уақытылы төлемегені үшін 8787 салық төлеушілерге шет елдерге шығуға шектеу қойылғаны айтылды.
Департамент тарапынан жеке тұлғалардың мүлік, жер, көлік құралдарына талдау және түгендеу жұмыстарын жүргізіп және әрбір салық салу обьектісі бойынша салық мөлшерлемесін негізге ала отырып, тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдар беретін мәліметтер негізінде салықты толық есептеп, бет есептеріне қондыру, салық төлеушілерге хабарлама жолдау, тиісті салық көлемін өндіру жұмыстарын жүргізу және хабарламадағы көрсетілген мерзімдерде салық міндеттемесін орындамаған жағдайда, сот органдарына сот бұйрығын шығару арызын жолдау, мәжбүрлі түрде өндіру шараларын ұйымдастыру мақсатында аудандық, қалалық Мемлекеттік кірістер басқармаларына Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа басшысы Тілегенов Әлібек Балықбайұлының тарапынан нақты тапсырмалар берілді.
Осы тапсырмаға сәйкес 5 жылдық талап қою мерзімінде берешектері бар келесідей жеке тұлғалар анықталды. Оның ішінде:
-110590 жеке тұлғалардың мүлік салығынан 247 млн. 588 мың. теңге анықталып, МФУ бағдарламасы арқылы толығымен хабарлама шығарылып, таратылған. Берешектерді өндіру мақсатында 4468 салық төлеушілердің жалпы соммасы 74 млн. 721 мың теңгеге құжаттары сот органдарына жолданып, 3126 салық төлеушіден 42 млн 787 мың теңге өндірілді;
-106 361 жеке тұлғалардың 86 млн.698 мың.теңге жер салығы анықталды. МФУ бағдарламасы арқылы толығымен хабарлама шығарылып, таратылған. 31,5 млн.теңге берешектері 3100 салық төлеушілердің құжаттары сот органдарына жолданып, 1774 салық төлеушіден 8,9 млн. теңге өндірілді;
-64 737 жеке тұлғалардың көлік салығынан берешегі 1311 млн.975 мың теңгені құрап отыр. Жалпы 442 млн. 709 мың теңге берешектері бар 16856 тұлғалардың құжаттары сот органдарына жолданды, оның ішінде 7969 салық төлеушіден 221 млн.794 мың теңге өндірілді.Хабарламаларды уақытылы орындамаған 701 салық төлеуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 11,7 млн. теңге өндірілді.
Қазіргі таңда, қалған салық төлеушілер бойынша берешек соммалары бет есептеріне отырғызып, салықтарды өндіру жұмыстары жалғасуда.
2018 жылдың 1 шілдесіне берешектердің жалпы сомасы 2 млрд 670 млн 775 мың теңге құрады. Себебі, жыл басында облыс көлемінде көлік салығы бойынша соңғы бес жылдық талап қою мерзімдегі салық берешегі өндіру мақсатында тиісті жұмыстары атқарылуда. Осы жұмыстар барысында мүлік, жер және көлік салықтары бойынша жалпы саны 180 306 хабарламалар жалпы сомасы 2 млрд 488 млн 902 мың теңгеге салық төлеушілерге жолданды. Тиісті берешектерді өндіру мақсатында сот органдарына 25 183 іс-құжаттар жолданған. Нәтижесінде бюджетке 798 млн 053 мың теңге өндірілді.
Сонымен қатар, берешектерін уақытылы төлемегені үшін 8787 салық төлеушілерге шет елдерге шығуға шектеу қойылды.
Дайындаған:Айдар Дидар