Түркістан облысының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында Түркістан облысының Құрмет грамотасымен наградтау ережесінің жобасы қаралып, Қоғамдық кеңесі мүшелерінің тарапынан колдау тапты.
Түркістан облысының Құрмет грамотасымен наградтау ережесінің талаптарын оқырмандардың назарына ұсынып отырмыз. Атап айтқанда:
1.Түркістан облысының Құрмет грамотасымен (әрі қарай – Грамота) Түркістан облысының алдына сіңірген еңбегін тану белгісінде, оның әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосқаны, облыс көлемінде өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, шығармашылық, спорт салаларында, заңдылықты қамтамасыз етуде, қоғамдық тәртіпті сақтауда, азаматтардың құқы мен бостандығын қорғау және қамтамасыз ету жөніндегі қызметте, мемлекеттік және әскери қызметте, қоғамдық-саяси және қайырымдылық қызметтерде, қоршаған ортаны қорғауда, өзге өңірлермен мәдени және экономикалық байланыстарды кеңейтуде, халықтар арасындағы достық пен ұлтаралық келісімді нығайтуда қол жеткізген нақты нәтижелер мен қоғамдық мойындаға қол жеткізгені үшін азаматтар, еңбек ұжымдары эәне ұйымдар наградталады.
2.Түркістан облыстық мәслихатына Грамотамен наградтауға ұсынымды Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары, Түркістан облысының әкімі, Түркістан облысының облыстық бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, Түркістан облысының аумағында қызмет жасайтын мемлекеттік орталық органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары, Түркістан облысының аудандары мен қалаларының мәслихаттары және әкімдері, Түркістан облысының қоғамдық және діни бірлестіктерінің алқалық органдары енгізеді.
Ұсынымға Грамотамен наградталатын кандидаттардың облыс алдындағы нақты еңбектері мазмұндалған белгіленген үлгідегі марапаттау қағазы қоса беріледі.
3.Түркістан облыстық мәлихатына келіп түскен ұсынымды алдын ала қарау және Грамотамен наградтау туралы ұсынысты дайындауды Түркістан облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірі жүзеге асырады.
4.Егер ұсыным берілген кандидатура немесе наградтау материалдары осы ережемен белгіленген талаптарға жауап бермесе, ол ұсыныс сессияның қарауына енгізілмейді.
5.Грамотамен наградтау туралы шешім Түркістан облыстық мәслихатының сесиясында қабылданады.
5.Мерейтойларға, басқа да салтанатты оқиғаларға байланысты ерекше жағдайларда Грамотамен наградтау туралы мәселе Түркістан облыстық мәслихатының сессиялары және тұрақты комиссиялар төрағаларының келісімімен Түркістан облыстық мәслихатының хатшысымен қаралуы және шешілуі мүмкін.
6.Грамотамен наградтау туралы шешім бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыс халқына жеткізіледі.
7.Грамотамен қайта наградтау жүргізілмейді.
8.Грамота Түркістан облыстық мәслихатының хатшысымен немесе соған уәкілдік берілген тұлғалармен Түркістан облыстық мәслихатының сессиясында, сондай-ақ Түркістан облысында өткізілген ресми салтанатты шараларда табыс етіледі.
9.Грамотаны тапсыру алдында марапаттау туралы шешім жарияланады.
Дайындаған: Айдар Дидар