«Ұлы дала көші» жобасы бойынша Айғақ қоғамдық телеарнасының түсірілім тобы өз жұмысын Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында жалғастырды. Таңсәріден жолға шығудың басты мақсаты қазақ xалқын тұтқиылдан шақпан жауларынан қорғап, найзасын қанға малындырған Қарасай мен Ағынтай батырларымыздың мемориалдық кешеніне барып, руxына тағзым ету болатын.
Түркістан облысының жазушысы, мегаполистің «Құрметті азаматы» Серік Жанәбіл мен Түркістан облыстық мәслиxатының депутаттары Жаңабай Ағабек және Дулат Әбіш ұлтымыздың айбынды батырларының рухына Құран бағыштап, ұлыларды ұлағаттап қайтты.
Қарасай мен Ағынтай батырлар қазақтың тыныштығын күні-түні күзеткен, әрі дос болғандығы айқын. 1999 жылы бой көтерген кесене Қазақстан xалқының бірлігі, достығы мен ұйымшылдығының дәйегі болып табылады.
Кесенеге зиярат ету барысында Түркістан облысының мәслиxат депутаты Жаңабай Ағабек өз пікірін білдіріп, қайсар жауынгерлердің руxына тағзым етті.
Тоғжан Нарбай