«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында «Білім беру» бағыты бойынша комиссия отырысының кезекті отырысы өтті. Ал күн тәртібіндегі негізгі мәселе мектеп жасындағы балалардың бос уақытын тиімді өткізуін ұйымдастырудағы атқарушы билік органдарының рөлі болатын. Бұл бойынша баяндама жасаған облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықова жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын және сауықтыруларын ұйымдастырк жөніндегі жұмыстар барысына тоқталды. Оның айтуынша биыл қала сыртында 9 мемлекеттік және 14 жеке меншік лагерь лер жұмыс жасауда. Ал оларда бүгінге дейін 25 мыңнан астам бала жазғы демалыстарын өткізген. Сонымен қатар облыс бойынша биыл 905 мектеп жанынан лагерьлер жұмыс жасап, оларда 193 мыңнан астам оқушы қамтылған.
Абай ОМАР