Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығымен Мұрат Қарымсақов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысы болып тағайындалды.
Ол бұған дейін Жамбыл облысы бойынша департаментті басқарған.
Мұрат Қарсымсақов 1967 жылы 1 қаңтар күні Шығыс Қазақстан облысы Зырьяновск қаласында туылған.
1994 жылы Ресей Федерациясының Федералдық қарсы барлау қызметі академиясын бітіріп, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде әскери қызметін атқарған.
2014-2016 жылдары Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменттердің басшысы болған.
2016-2018 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымын атқарған.
«Айғақ-ақпарат».