• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Маусым 11, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ынтымақтастықтың берік көпірі

07.08.2018
0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған әр жылдағы жолдауларында сыртқы саясатқа арнайы тоқталып, көрші елдермен, әсіресе Орталық Азия­дағы мемлекеттермен қарым-қатынасты нығайтуға ерекше мән беріп келеді. Сондай көршілес, бауырлас Орталық Азиядағы үлкен мемлекеттердің бірі – Өзбекстан. Екі елдің халқы ғасырлар бойы араласып жатқаннан кейін, тарихи тамырымыздың байланысы да тереңде, сондықтан қазіргідей жаһандық даму кезінде де ықпалдастықты күшейте түсуіміз орынды.

Елбасының сарабдал саясаты ая­­сында екі ел достығын одан әрі ны­­­ғайту мақсатында 2018 жылдың Өз­бекстанның Қазақстандағы жылы деп жариялануы көңілге қонымды. Екі ел­дің мәдени бауырластығы жаңғырып, экономикалық байланыстары одан әрі нығая түсетіні сөзсіз. Сарапшылар бұл қадам 2020 жылға дейін Өзбекстан мен Қазақстанның сауда әріптестігін жаңа деңгейге көтеру мақсатының уақытынан бұрын орындалатынына деген сенімді күшейтеді әрі көршілес елдерді Орталық Азиядағы үдемелі дамудың драйверіне айналдырады деп топшылауда.

Достық қарым-қатынас пен мә­де­­ни-гумани­тарлық байланысты жаңғырту мүд­десімен Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында елімізде бірнеше мәдени іс-шараны өткізу жоспарланған. Астанада түркі халық­тарының атақты философы, мемлекет қай­рат­кері Әлішер Науаиға ескерткіш орнатылатын болса, Өзбекстанда өзбек президентінің абайтануға ар­налған қаулысы шық­қан. Өздеріңізге белгілі «Қиырдағы қазақтар» жобасының аясында алыс жұрттағы қандастарымыз туралы да талай тарихи маңыз­ды мәліметтердің жинақталатыны да аян.

Қазақтың көрнекті мемлекет қай­рат­керлері, қолбасшы, би-шешен­дері қазіргі өзбек жерінде туып-өсіп, білім алып немесе мәңгілік тұ­рақ­тарын тапқандары тарихтан белгілі. Дерек ақиқатын кезінде жарты әлемді дүр сілкіндіріп, Мауренаһр империя­сын құрып, «Йылдырым Баязиттің» тізесін бүктіріп, басын еңкейткен Әмір Темірдің кесенесі айқындаса, Нұр ата аймағында дүниеге келген Әйтеке би және оның ұрпағы Жалаңтөс батыр Самарқандағы Ұлықбек медресесінің қарсысынан 1620–1636 жылдары «Ширдор» (Арыстан қақпа) медресесін салдырды. 1646 жылы екі медресенің ортасынан «Тіллә Қари» (Алтынмен апталған) медресесінің құрылысын бас­тады. Жалаңтөс баһадүр сал­дыр­ған кешенді құрылыстар Самарқандағы Регис­тан алаңын қалыптастырып, қаланың сал­танатты орталығына айналады. Жалаңтөс баһадүр шын мәнінде өзбек, қазақ, қарақалпақ, қырғыздардың біріккен қолының қолбасшысы болып Самарқан, Бұқара, Ташкент, Түркістан төңірегін ғана қорғаған жоқ, бүкіл Орта Азия сахарасының да қорғаны бола білді.

Ташкент қаласының ең көрнекті орында­рының бірі саналатын «Төле би кесенесі» сәулет кешенінде қазақтың біртуар перзенті Төле би жерленген. XVІІІ ғасырдың бірінші жарты­сында салынған кесене – қазіргі Таш­кент аумағындағы ең көне, тарихи маңызы зор ескерткіштердің бірегейі. Тарихи тұлғалардың қайсы бірінің өмір деректерін зерттесеңіз де олардың бір тіні өзбек бауырлардың тарихи деректеріне тірелетіні екі елдің ара-қатынасының тығыз байланыс­та болғанын аңғартады. Ұлы Отан соғысы кезінде жауға қырғидай тиген Кеңес Одағының Батыры генерал Сабыр Рахимов та екі елге ортақ тұлға.

Екі елдің ынтымағы әлемдегі қауіп­сіздік мәселесіне қатысты ең үл­кен проблемалардың бірі – ядролық қару­сыздандыру мәселесін оңынан шешуге ықпал етті. 1991 жылы Қазақстан Семейдегі сынақ алаңын жапқаннан кейін 1993 жылы Өзбекстанның сол кездегі президенті Ислам Каримов Орталық Азияны ядросыз аймақ деп жариялауды ұсынды.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев­тың 1994 жылы Ташкентке сапары барысында қол қойылған Бір­тұтас экономикалық кеңістікті құ­ру туралы шарт Қазақстан мен Өз­бек­стан арасындағы байланысты жан-жақты, әсіресе экономикалық ынты­мақтастықты одан әрі тереңдетуге сеп­тігін тигізді. Ал 1997 жылы нау­рыз­да жасалған Қазақстан, Өзбекстан мен Қырғызстан Республикаларының арасындағы Мәңгілік достастық туралы үшжақты шарт – қарым-қатынасты дамытудағы тағы бір маңыз­ды қадам болды. Елбасының 1998 жылдың қазанында Өзбекстанға жасаған рес­ми сапары көршілес елдердің ынты­мақ­тастығын одан әрі арттыруға тың­ серпін берді. Шын мәнінде, екі ел бір-біріне сенімді серіктес, сон­дық­тан Қазақстан-Өзбекстан достығы мен ынтымақтастығын тереңдете тү­су ісі жалғаса бермек. Өзбекстан – Қазақстанның Ор­талық Азия мем­лекеттері арасындағы ірі сауда әріп­тесі. Бүгінде екі ел арасындағы тауар айналымы ауыл шаруашылығы, металлур­гия және мұнай өнімдері негіз­інде өсіп отыр және де Қазақстанда Өзбекстанның жеңіл өнеркәсіп өнім­деріне деген ерекше сұраныс барын атап өткен жөн. Бауырлас екі мем­лекеттің бизнес құрылымдарынан өз­ара инвестициялар көлемін арттыру көзделіп, Қазақстан 2012 жылдан бері Өзбекстанға бағыттаған ин­вес­тициясының көлемін 5 есеге ұл­ғайтты. Өз кезегінде көрші мем­лекет осы жылдың бірінші тоқсанында 4,4 млн доллардан астам тікелей инвес­тициялар жіберді. Екі елдің мәде­ни бауырластығын жаңғыртып, эконо­микалық байланыстарын нығайта түсу­ шаралары үстіміздегі жылы Ас­тана қаласында өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кон­сультативтік жұмыс кездесуінен кейін ерек­ше қарқын алды.

Өзбекстан мен Қазақстан Орталық Азия­дағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға және дамытуға бірлесе қызмет етіп, БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесі аясында консультациялық қыз­метті іске қосты. Бұл Орталық Азиядағы өт­кір мәселелерді БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе­сінің күн тәртібіне шығаруда тап­тырмас бірлескен әрекет болары ай­қын. Екі елдің де мақсаты ең әуелі, аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, терроризм және экстремизммен күрес, эко­номикалық және экология мәселелерін бірге шешуге жол ашу. Әдетте Өзбекстан – демографиялық және сауда-экономикалық әлеуеті, мемлекеттілік және мәдени дәс­түр­­лерінің сабақтастығы тұрғысынан мүм­кіндіктері зор, Ауғанстанмен тарихи байланыстары терең және әлемдегі әртүрлі орта­лықтармен өзіндік сипаттағы тепе-тең­дікті сақтап келген мемлекет. Сондықтан болар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Орталық Азия елдерінің одағын құру туралы бастамасы әлі де өзектілігін жо­ғалт­қан жоқ. Осы бастаманы негізге ала отырып, Өзбекстанның Президенті Шав­кат Мирзиёев Өзбекстанның кейінгі даму тұжырым­дамаларында ұлттық-мемлекеттік құрылыс стратегиясынан біртұтас аймақ құру идея­сына өту XXI ғасырдағы ең басты міндеттердің бірі деп қабылдады. Ш.Мирзиёев билікке кел­гелі бері Қырғызстанмен, Тәжікстанмен және Түрікменстанмен де байланыстарын жаңа деңгейге шығаруға деген ниет танытып, қажетті шаралар қабылдауда. Қазіргі таңда Өзбекстан «Егер халық бай болса, онда мемлекет те бай әрі қуатты болады» деген қағидаға сай өмір сүріп, кәсіпкерлікті дамыту мен іскерлік саланы түбегейлі жақсар­ту мақсатында жаңа мүмкіндіктер мен жеңіл­діктерге жол ашуға бет бұруда. Қазақстан мен Өзбекстан бір­неше этнос өкілдері өмір сүретін көп ұлтты мемлекеттер. Қазақ және өзбек халықтарының шыдамдылығы, тамы­рын тереңге жайған сан ғасырлық та­рих­қа ие болғанын жоғарыда атап көрсеттік. Әсіресе тәуелсіздік жылдары ұлтаралық және конфессияаралық әлемнің тұрақтылығын сақтап қалған бірден-бір достық туын желбіреткен елдер. Қазақтар мен өзбектер – бауырлас халықтар. Қазіргі таңда Өзбекстанда үлкен қазақ диаспорасы өмір сүруде. Сонымен қатар өзбек ұлысының 600 мыңнан астам өкілі қазақ жерін мекен етуде. Еңбекқорлық, сабырлылық және мейірімділік сынды қарапайым адами қасиеттер осы ұлттарға тән және мемлекет пен қоғамның тұрақты дамуының кепілі болмақ.

Екі елдің тарихи шежірелерінде де, кие­лі қоныстарында да ұқсастық және бір-бірі­нен ажырата алмас тұ­тас­тық бар, бұл екі ел арасындағы ту­рис­тік байланыстарды одан әрі дамыту мақсатында таптырмас идея. Сондықтан қазақстандық турис­тік қауым­дастық Өзбекстан қалалары Таш­кент – Бұқара – Самарқан − Шымған мен казақ­стандық қалалар Түркістан – Шымкент – Тараз – Алма­ты арасында туристік дәліз құруды ұсынады.

Мемлекет басшысының бас­шылы­ғымен Қазақстан әлемдік қоғам­дас­тықта лайық­ты орынға ие болып, бүгінде нарықтық экономикасы қуат­ты әрі азаматтық қоғамы ашық қарқынды дамыған демократиялық мемлекетке айналды. Осы қатынас арқасында бауырлас өзбек және қазақ халықтары арасындағы достық пен ынтымақтастықтың берік көпірі қаланды.

Діні бір, тілі бір, тарихы бір ха­лықтардың интеграциялық байланыстарды үдетуіне ешкім кедергі келтірмейді, тек өзара достық қатынас үшін ықылас пен ниет болса болды.

Қазақ пен өзбек достығы, бауырмал ағайын­дық қарым-қатынасы екі мемлекеттің ғана емес, алты Алашты ұран еткен тұтастай түркі елде­рінің ме­рейінің үстемдігін білдіретіні мәлім.
Еgemen.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
23.05.2025
0

Түркістан қаласының нышанын (герб) әзірлеуге конкурс жарияланған болатын. Өтінім қабылдауға санаулы күн қалды, 3-маусымға дейін. Үздіктері қаржылай марапатталатын болады. Атсалысуға...

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.