ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарын қайта атау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Павлодар облысының кейбір аудандары:
1) Качир ауданы – Тереңкөл ауданы;
2) Лебяжі ауданы Аққулы ауданы болып қайта аталсын.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.