Атырауда мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында (МЖӘ) мектеп қауіпсіздігі үшін бақылау жүйесін енгізу бойынша жаңа жоба жүзеге асырылмақ, деп хабарлады ATPress.
«Атыраудың алдымен 36 мектебінде пилоттық жоба түрінде бақылау жүйесін (…) енгізу мүмкіндігі қаралуда. Ал бұл мектептердегі қолданыстағы турникеттерді аудандық мектептерге береді, ал олардың орнына жаңасы орнатылады. Сонымен қатар, қауіпсіздіктің жаңа жүйесі енгізілгеннен кейін ата-аналар мен оқушылардың магнитті карточкалары қолданылады. Мәселен, оқушы өз карточкасы арқылы мектепке кіргенде, немесе шыққанда оның ата-анасына (олардың таңдауы бойынша) смс-хабар келеді немесе электронды поштасына хабарлама түседі», — деп атап өтті өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Ерлан Қабденов.
Сонымен қатар, брифинг спикерінің ақпарынша, жүйеге заманауи бейнекамералар да кірген, олар бұған дейін полицияның мәліметтер базасына кірген қылмыскерлерді немесе күдіктілерді анықтайтын болады. Бірыңғай мектеп базасы ішкі істер департаменті базасымен біріктіріледі.
«Алайда мектепке кіруді бақылау жүйесін енгізу бойынша бұл жоба мүмкін болатын әріптестермен келіссөз жүргізу поцесінде. Оның жүзеге асырылуының нақты мерзімі туралы айтуға әлі ерте», — деді Е.Қабденов.
Дереккөз: ҚазТАГ.