• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Маусым 20, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

АРЫС ҚАЛАСЫНДА ҚОС МЕРЕКЕ ҚАТАР ТОЙЛАНДЫ

07.08.2018
0

Арыс – Орта Азия қақпасы, батыс пен шығыс мәдениетінің тоғысы, қазақ теміржолшыларының құтты қонысы.

Арыс ежелден-ақ жыраулар мен ақындардың, әншілердің – өнер иелерінің қасиетті қонысы, қара шаңырағы екенін  үлкен мақтанышпен айтамыз.

Шашасына шаң жұқтырмаған ақындар Майлықожа мен Мәдәлінің, Ергөбек пен Сақтың ізбасарлары Арыс даңқын биік көтеріп жүр.

Біз көзінен от, табанынан шоқ шашыраған сатира сардары Садықбек Адамбековтың, арқалы ақындар Бекен Әбдіразақов пен Қосжан Мүсіреповтың есімдерімен мақтанамыз.

38435817_705660863100293_4238448494207041536_n

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы мінберінен тұңғыш сөз сөйлеген қазақ, академик Төлеген Тәжібаевты, академиктер Мұрат Жұрыновты, Мәди Өскенбаевты, Әбдімұса Қуатбековты мақтан тұтамыз.

Біз әдебиет пен өнердің саңлақтары жазушы-драматург Дулат Исабековты, арыстың аққуы – қазақтың «Гәккуі» атанған Нұржамал Үсенбаеваның, асқақ үнді әншілер Ақжол Мейірбековты, Шахизаданы, сазгер әрі әнші Ержан Серікбаевты, Нұрлан Еспановты, айтыскер ақын Нұрлан Есенқұловты «Дүлділдеріміз» деп, «Бұлбұлдарымыз» деп мақтаныш етеміз.

Арыстың қаршадай екі қызы – Жазира Жаппарқұл мен Гүлбану Баймұрат спорттың ауыр түрлері – зіл темір көтеруден және самбодан әлемнің, сондай-ақ Азияның чемпиондары.

38442322_705660916433621_7009643844073422848_n

Бұл күндері еліміздегі болат жолдың шешуші учаскелерінің бірі саналатын Арыс теміржол торабының іргетасы төселгеніне 113 жылдан асты. Торап осы жылдар ішінде толысу мақсатында талай қайта жаңғыртулар кезеңінен өтті.

Торап кәсіпорындарының барлығында жыл өткен сайын жаңа технологиялар көбейіп, табысты жұмыстың қайнар көзі болуда. Арыстың атын асқақтатып жүрген теміржолшылардың алдағы кезде де сенім биігінен көрінетіні даусыз.

«Қала және Теміржолшылар күні» мерекесі құрметіне арналған салтанатты мерекелік шара қаламыздағы орталық Әл-Фараби алаңында өтті.

 

Салтанатты шара барысында шаһар басшысы Қадырбек Мұрат Болатұлы  қала қонақтары мен жиынға қатысушыларды қос мерекемен құттықтады.

Қала әкімі М.Қадырбек:

-Баршаңызды  қала өміріндегі маңызы ерекше қала және теміржолшылар күні  мерекесі құттықтаймын! Қала тарихының үлкен белесі сонау 20-шы ғасырдың басында салынған Орынбор-Ташкент теміржолы тарихымен тығыз байланысты. 1956 жылы тоғыз жолдың торабында орналасқан Арыс қаласына биыл 62 жыл толып отыр.

Арыс – Орта Азия қақпасы, батыс пен шығыс мәдениетінің тоғысы, қазақ теміржолшыларының құтты қонысы. Тату елдің тойы ешқашан тарқамақ емес. Арыстықтар ежелден қалыптасып, бүгінге жалғасқан және ертеңге ұласатын ата-бабалар мен аға-ұрпақтың еңбек және ерлік, дәстүрлеріне адалдық таныта отырып, ежелден қалыптасып, бүгінге жалғасқан және ертеңге ұштасатын аса бай, мәнді де, мағыналы тарихымен, өміршең мәдениетімен өлмес әдебиетімен және өнерімен мақтанады. Дәстүрге адал арыстықтар осы жылдар ішінде абырой биігінен көріне білді. Соңғы жылдардың өзінде қазақ теміржолы  мыңдаған шақырымдарға ұзарды. Теміржол саласын тиімді пайдалану, оның барлық буынын өркендету ісіне Арыстықтар да өз үлестерін қосып келеді.

38442516_705661243100255_1494326178633220096_n

Бұл күндері еліміздегі болат жолдың шешуші учаскелерінің бірі саналатын Арыс теміржол торабының іргетасы төселгеніне 113 жылдан асты. Торап осы жылдар ішінде толысу мақсатында талай қайта жаңғыртулар кезеңінен өтті. Арыстың атын асқақтатып жүрген теміржолшылардың алдағы кезде де сенім биігінен көрінетіні даусыз. Сіздердің алдағы кезде де еліміздің гүлденуіне қосар үлестеріңіздің аз болмайтындығына сенімдімін» — деді.

Құттықтау сөз соңында қала басшысы М.Қадырбек Арыс қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан сүбелі еңбектері үшін бірқатар азаматтарды Алғыс хаттармен марапаттады.

Салтанатты жиын соңы мәдениет үйі өнер ұжымының концерттік бағдарламасына және отшашуға ұласты.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бөлісу22TweetPin

Ұқсас жазбалар

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

Айғақ медиа
16.06.2025
0

  Су Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан жіберілді. Бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу шаралары аясында былтыр қыркүйектен басталып,...

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен үздік дәрігерлер, денсаулық сақтау қайраткерлері, түрлі бағыттағы мамандар жоғары мемлекеттік наградаларға ие...

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды. Бұл...

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкері күні қарсаңында біз өмірді сақтаудың тағы бір тарихымен бөлісеміз. Осы жылдың 30 мамырында Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

    2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн...

КЕНТАУЛЫҚ СТУДЕНТ ОҚУШЫЛАРҒА БОЛАШАҚ КӘСІБІН ТАҢДАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН СТЕНД ОЙЛАП ТАПТЫ

КЕНТАУЛЫҚ СТУДЕНТ ОҚУШЫЛАРҒА БОЛАШАҚ КӘСІБІН ТАҢДАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН СТЕНД ОЙЛАП ТАПТЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

Кентау политехникалық колледжінің 4-курс студенті Улугбек Бахтияров жұмысшы мамандарын даярлауға арналған оқу стендін жасап шығарды. ASAR-1 — инженерлік мамандықтарды біріктіретін...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.