Танымал хабаршы WhatsApp тұтынушылардан жарнамалық және қызметтік хабарламалар жіберетін компаниялардан ақы алуға ниетті, деп хабарлайды «Вести.Экономика» сайты.
«Facebook компаниясы табыстың өсу қарқынының баяулауына және шығындардың көтерілуіне тап болуынан, WhatsApp messenger-нің бір жобасын ішінара монетизациялауды шешті.
Соңғы уақытқа дейін ондағы хабар алмасу барлық адамдар үшін тегін болатын. 1 тамыздан бастап хабаршы мен тұтынушыларға жарнама сипатындағы хабарландырулар мен құлақтандыру жіберетін компаниялардан алымдар алуды бастады. Бұл хабар жеткізілгенін растауға, оқиғалар мен кездесулер туралы ескертулерге қатысты. Қай елге екендігіне байланысты хабарлардың құны 0,5-тен 9 центге дейін өзгереді», — делінген хабарламада.
WhatsApp ұстайтын сыйақы SMS-тің тарифтерінен асып кететінін мойындады.
Ұялы байланыс операторлары, әдетте, компаниялардан бір хабарламаға шаққанда центтен әлдеқайда аз төлем ұстайтын. Делдалдар мен операторлар арасындағы барлық алымдарды есептегенде бір SMS құны 1 цент аймағында қалады. WhatsApp қаңтар айында шағын кәсіпкерлердің WhatsApp Business қосымшасында 3 миллионнан астам қолданыстағы қолданушыларды жұмыс істеуге мүмкіндік беретінін мәлімдеді.
Matt Idema операциялық бас директоры, WhatsApp болашақта бизнестегі сегментті монетизациялауға ниетті екенін бұрын-ақ мәлім еткен.
Дереккөз: ҚазТАГ.