Түркістан облысындағы Агроөнеркәсіп кешенінің (АӨК) дамуы мәселесі аясында өңірімізге ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен келді.
Вице-Премьердің қатысуымен облыс орталығы — Түркістан қаласында өтетін жиында етті мал шаруашылығын дамыту, суармалы жерлердің көлемін және агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері қаралатын болады.
Келелі басқосудан соң, Түркістан шаһарындағы «Golden Camel Group LTD» ЖШС-нде болып, бие, түйе сүтін қайта өңдеу жобасымен танысады.