«Қазақстан Халық банкі» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен 29 шілдеден бастап банктің басқарма құрамы өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атап айтқанда, басқарма төрағасының орынбасары лауазымына Нұрлан Төлеужанұлы Жағыпаров, Дәурен Жанкісіұлы Сартаев, Жаннат Сағандыққызы Сатубалдинаны тағайындау туралы шешім қабылданды.
Директор кеңесінің шешімімен банктің атқару органының жаңа құрамы 10 адамнан тұрады.
Қазіргі таңда оған Үміт Шаяхметова, оның орынбасарлары А. Ж. Боданов, Н.Т. Жағыпаров, А. С. Қарпықов, М. У. Көшенов, К. К. Құсайынбеков, Е.И. Сәлімов, Д.Ж.Сартаев, Ж.С. Сатубалдина және А. Б. Талпақов кіреді.
Нұрлан Жағыпаров өз қызметін 2002 жылы «Қазкоммерцбанк» АҚ бастаған. Инновациялық технологиялар бөлімінде түрлі лауазымдарды атқарып келген. 2014 жылдың маусымында «Қазкоммерцбанк» АҚ басқару директоры, басқарма мүшесі болып келген.
Әр жылдары «Қазкоммерцбанк Кыргызстан» ААҚ, «Қазкоммерцбанк Тәжікстан» ААҚ директорлар кеңесіне кірген. Қазіргі таңда «Бірінші несие бюросы» ЖШС-ның Бақылау кеңесінің төрағасы. Ол «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның жаңа құрамында Fast IT бөлімшелерін басқаратын болады.
Дәурен Сартаев да өз қызметін «Қазкоммерцбанк» АҚ Павлодардағы бөлімшесінде несие бөлімінің менеджері қызметінен бастаған.
2010 жылы «Темiрбанк» АҚ-на ауысып, Өскемендегі филиалын басқарды. Кейін «Кcell» АҚ-ның Шымкенттегі бөлімшесінің басшысы болды.
2016 жылы «Қазкоммерцбанк» АҚ басқарма мүшесі, 2017 жылдан бастап басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған. Ол «Қазақстан Халық банкі» АҚ жаңа құрамында шағын және орта бизнес, маркетинг және PR департаменттерін басқаратын болады.
Жаннат Сатубалдина 1993 жылы «Қазметаллбанк» АҚ-ның Жоспар бөлімін басқарып келген.
1999-2002 жылдары ҚР Ұлттық банкінің құнды қағаздар нарығын басқаруды реттеу департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.
2002 жылы «Қазақстан Темір Жолы» АҚ-ның бас есепшісі, қаржылық директоры болған.
2006-2007 жылдары «ҚазТрансОйл» АҚ, «СЗТК «МұнайТас» АҚ, «ҚазМұнайГаз» компанияларында басшылық қызметтерді атқарған. Ол жаңа қызмет орнында «Қазақстан Ұлттық банкі» АҚ ОПЕРУ, ресурстар, кеңсе департаменттерін басқаратын болады.