• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Ақпан 11, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Рақымшылық кезінде кімдер және қалай босатылады?

01.08.2018
0

Елімізде ізгілендірілген қылмыстық заң күшіне енді.

Бұл сотталғандарға жасалып отырған жеңілдік. Рақымшылыққа 5 мыңдай адам ілігеді. Яғни ауыр, аса ауыр қылмыс жасамағандардың түрмеде отыру мерзімі қысқарады. Кейбірі жазасын қоғамдық жұмыс істеу арқылы өтейді. Тәртіп бұзып тергеуде жүргендердің айыппұлы азайтылады. Енді ғана қолданысқа енген заңнамада осындай жаңашылдықтар бар.

Жаңа заң күшіне енді. Қаныпезер қылмыскерлер рақымшылыққа мүлдем ілікпейді.

Қылмыстық саясатты ізгілендірудің шарапатын көретін мыналар: төмен не орта дәрежеде қылмыс жасап, жазасының едәуір бөлігін өтегендер, келтірген залалдың орнын толтырып, жүріс-тұрысы түзелгендер. Алдымен осылар абақтыдан шығады. Оның өзінде қатаң бақылауда болады. Және қала, ауылды тазалап, абаттандыру сынды қоғамдық жұмыстарға жегіледі. Рақымшылыққа ілігетін екінші топ – тәртіп бұзып тергеуде жүргендер. Олардың да айыппұлы қысқаруы мүмкін.

Қорған Төреқожа, тілші:

– Бірақ бұл мүмкіндік бір-ақ рет беріледі. Істі болған азамат рақымшылықтан кейін заң бұзып, екінші мәрте қия басса, баратын жері қайтадан түрме болады.

Жалпы тәуелсіздікке дейін еліміздегі абақтыларда 100 мыңдай адам отырған еді. Қазақстан әлем бойынша түрме саны көп мемлекеттердің алғашқы үштігіне кірді. Егемендік алып еңсе тіктеген соң, қылмыстық саясат жылдар бойы ізгілендірілді. Нәтижесінде қазір 100 мың емес, республикадағы темір торларда 34 мыңдай адам отыр. Соңғы 4 жылда 8 түрме жабылды. Тағы да жабылмақ.

Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

– Астанада қатаң режимдегі түрме бар. Ол жабылып жатыр. Оның орнына басқасы ашылуда. Енді басқа облыстарда аралас түрдегі түрмелер ашамыз. Бұрын тек қатаң, орта режимдегі түрмелер болатын. Қазір соны араластырып салып жатырмыз. Мысалы, Қызылорда облысында қазір сондай аралас түрдегі түрме ашылып жатыр. Себебі ол жерде тек қатаң режимдегі түрме болғасын, орта дәрежеде қылмыс жасаған Қызылорда облысының азаматтары Ақмола, Қостанай облыстарындағы орта режимдегі түрмелерде жазасын өтейтін. Енді аралас болған соң, 300 қызылордалық азамат өз елдеріне жіберіліп, сол жақтағы аралас түрмелерде жазасын өтейтін болады.

2015 жылдан бері елімізде 15 мың адам түрмеден босатылды. Соның бірі – Иван Зиненков. Есірткіге елігіп, нашақорлықтың салдарынан 10 жылға бас еркінен айырылған ол былтыр ғана бостандыққа шықты. Қазір жұмысын істеп, қоғамның толыққанды мүшесіне айналды.

Иван Зиненков, «Право» қоғамдық қорының есепшісі:

– Түрмеден шыққан соң, мемлекеттің әлеуметтік қолдауы арқасында барлық құжаттарымды реттеп, қалыпқа келтіріп алдым. 10 жылдың ішінде бәрі жоғалып қалған еді. Осы жерге жұмысқа орналастым. Есепші болып қызмет етемін. Сотталғандармен жұмыс істеп, олардың да екі қолға бір күрек табуына жәрдемдесемін.

Ольга Рыль, «Право» қоғамдық қорының директоры:

– Түрмеден босаған кейбір азаматтар ақшасыз, үйсіз-күйсіз қалып жатады. Олардың жұмысқа орналасуы өте өзекті. Бос жүрсе, өмірден баз кешеді. Қайтадан қылмысқа барады. Сондықтан біз сотталғандардың есебін жасап, абақтыдан шыққандарға қолдан келгенше қамқор болып отырамыз. Оларды бос жұмыс орындарына бағыттаймыз. Көмегімізге жүгінетіндер аз емес.

Тар қапастан босағандардың жұмысқа орналасуы үшін үкімет тарапынан арнайы әлеуметтік квота бөлінеді. Егер жеке кәсіпкер жазасын өтеп шыққандарды жұмыспен қамтамасыз етсе, ол азаматқа төленетін жалақының 50 пайызын мемлекет өтейді. Өмірде қия басып, түрмеге түскендерді түзету үшін осындай нақты шаралар бар. Нәтижесіз болмауы тиіс.

Дереккөз: 24.kz.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТАН БІЛІМ АЛУДА

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТАН БІЛІМ АЛУДА

Айғақ медиа
11.02.2026
0

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінде мектеп оқушылары онлайн форматқа көшті. Астанада бірінші ауысымдағы 0–6 сыныптар қашықтан білім алуда....

ПРЕЗИДЕНТ: ЦИФРЛАНДЫРУ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫНА ТІКЕЛЕЙ ӘСЕР ЕТЕДІ

ПРЕЗИДЕНТ: ЦИФРЛАНДЫРУ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫНА ТІКЕЛЕЙ ӘСЕР ЕТЕДІ

Айғақ медиа
10.02.2026
0

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысып, елдің дамуына қатысты бірқатар салалар мен келелі істер бойынша сөз сөйледі. Соның бірі -...

АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ БЕКІТІЛДІ

АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ БЕКІТІЛДІ

Айғақ медиа
10.02.2026
0

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Менің тапсырмаммен былтыр 2030 жылға дейін аймақтарды дамытуға арналған тұжырымдама бекітілді. Басты мақсат – өңірлер арасындағы әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті...

СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ 847 МЛН ТЕКШЕ МЕТР СУ ҮНЕМДЕЛДІ

СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ 847 МЛН ТЕКШЕ МЕТР СУ ҮНЕМДЕЛДІ

Айғақ медиа
10.02.2026
0

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздің су шаруашылығын жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ДАМУЫ МЕН БІРІЗДІЛІГІН БЕКІТЕДІ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ДАМУЫ МЕН БІРІЗДІЛІГІН БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
10.02.2026
0

Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформаның маңыздылығына тоқталды. Мемлекет басшысы: - «Жаңа Конституция жобасына...

ҚРКФ ТӨРАҒАСЫ: «ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – АДАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖҮЙЕДЕН ЖОҒАРЫ ТҰРАТЫН ЗАҢ»

ҚРКФ ТӨРАҒАСЫ: «ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – АДАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖҮЙЕДЕН ЖОҒАРЫ ТҰРАТЫН ЗАҢ»

Айғақ медиа
06.02.2026
0

Сәрсенбі күні, 4 ақпанда, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы, Конституциялық комиссияның мүшесі Сатыбалды Дәулеталиннің жетекшілігімен Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын талқылау...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.