18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында өтетін Жазғы Азиада ойындарына қатысатын еркін күрес балуандары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Еркін күрестен ұлттық құраманың бас бапкері Әсет Серікбаев биылғы жылғы басты додада алты балуанға үміт артып отырғанын мәлімдеген.
Бас бапкердің айтуынша, құрлықтың додаға баратын балуандарды таңдау Қазақстан чемпионатының қорытындысына сай жасалған.
Еркін күрестен Азия ойындарына қатысатын балуандар тізімі:
Жандос Исмаилов, 57 келі (Алматы облысы)
Саятбек Оқасов , 65 келі (Павлодар облысы)
Данияр Қайсанов, 74 келі (ШҚО)
Әділет Дәулембаев, 86 келі (Алматы)
Бақдәулет Әлментай, 97 келі
(Шымкент) Олег Болтин, 125 келі (ШҚО).