• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Желтоқсан 28, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандықтардың шетелдегі есепшоттарын қалай тексереді

01.08.2018
0

Алдағы уақытта бәріміз жалпыға бірдей табыс декларациясын тапсыратын боламыз. Қарапайым жұмысшылар, зейнеткерлер мен студенттерді көп қинамайды. Қосымша табыс болмаса, бір жапырақ қағазды толтырып, сонымен құтыла салуға болады. Ал басқа азаматтар өз табыстарына қатысты толық ақпаратты беруге міндетті. Мемлекетті ешкім алдай алмайды. Себебі декларациядағы ақпаратты жергілікті банктерден түскен мәліметтермен салыстырады. Үкімет шетелдегі бақылау шараларын да реттеп қойды. Екі жылдан кейін жүздеген мемлекет қазақстандықтардың ақшасы мен мүлкіне қатысты ақпаратты автоматты түрде жіберіп отырады. ҚазАқпарат осы саладағы негізгі өзгерістерді сараптап көрді.

Сонымен, 2020 жылдан бастап барлық қазақстандықтар жыл сайын табыс декларациясын тапсыратын болады. Аталған құжатты «250-ші форма» деп атайды. Оны толтырғанда ақша, құнды қағаздар, жылжымайтын мүлік, жер учаскелері, көлік, пәтер, зергерлік заттар, антиквариат және тағы басқа активтерді көрсету керек. Тіпті, біреуден миллиондап (500 минималды жалақыдан жоғары — авт.) қарыз алынса, оны да жазу қажет. Заңға сәйкес, жалақы, зейнетақы мен шәкіртақыдан басқа табысы жоқ азаматтар қысқа декларация, яғни бір беттен аспайтын есепті тапсырады. Басқалар толық форманы толтырады. Олардың ішінде оралмандар мен шетелдік азаматтар да бар. Кәмелеттік жасқа толмағандар декларация тапсырудан босатылады. Алайда жасөспірімнің атында мүлік болса, ол да барлығымен бірдей есеп береді.

Осы реформа аясында кейбір азаматтар үшін «салықтық шегеру» сияқты жеңілдіктер де қарастырылған. Мәселен, көпбалалы отбасының бір өкілі 24 минималды жалақыдан аспайтын ақшаның табыс салығын қайтара алады. Бүгінде республика бойынша минималды жалақының көрсеткіші 28 284 мың теңгені құрайды. Демек, 2020 жылдан бастап көпбалалы отбасының өкілі бір жылдың ішінде 678 816 мың теңгенің табыс салығы — 67 881 теңгені (10 процентін) кері қайтарып, өз кәдесіне жарата алады. Оны 12 айға бөлсек, 5 656 теңгеден келеді екен. Әрине, көп баласы бар отбасы үшін ол көп ақша емес. Дегенмен, басқа жеңілдіктерді де пайдалануға мүмкіндік бар. Баланың оқуы үшін ақша төленсе, 10 минималды жалақы — 282 840 теңгенің табыс салығын қайтаруға болады. Ол, шамамен, 28 284 теңге. Ипотека да, медициналық қызметтер де солай. 2020 жылға дейін минималды жалақының мөлшері әлі де өзгереді. Сондықтан қайтарылатын ақшаның көлемі сәл-пәл көтерілуі мүмкін. Басқа ешқандай жеңілдік болмайды. Әрбір азамат ақша мен мүлікке қатысты толық ақпаратты беруге міндетті. «Декларация тапсырудың екі мерзімі бар. Біріншіден, 2020 жылдың 15 шілдесіне дейін декларацияны қағазбен тапсыруға болады. Екіншіден, 2020 жылдың 15 қыркүйегіне дейін электронды декларацияны жіберуге мүмкіндік бар», — дейді Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Мәди Такиев.

Үкімет осы уақытқа дейін шетелдегі бақылау шараларын да ретке келтіруді көздейді. Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтардың шетелдегі есепшоттары мен активтері туралы ақпаратты автоматты түрде алдыртатын болады. Аталған жұмыс Страсбург конвенциясы аясында жасалады. Әйтпесе, қазіргі екіжақты келісімдер бойынша басқа елдерге сұрау салу қажет. Сонда ғана нақты бір салық төлеушіге қатысты ақпарат жіберіледі. Салық түрін де көрсету керек. Ал Страсбург конвенциясы аясында барлық салықтар бойынша ақпарат алмасуға болады. Сосын жазбаша ақпараттан бөлек автоматты түрде мәлімет алмасу тетігі де бар. Бұл дегеніміз, xат жазып, сұрау салудың қажеті жоқ.

Негізі, Қазақстан аталған конвенцияға осыдан бес жыл бұрын қол қойған болатын. Бір жылдан кейін аталған құжат ратификацияланды. Осы уақытқа дейін конвенцияға 124 мемлекет қосылды. Соның ішінде G20 және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) елдері бар. Аталған екі ұйым қаржы саласындағы ақпаратпен алмасудың көпжақты келісімін әзірлеп бекітті. Ағымдағы жылы 26 маусымда Қазақстан аталған құжатқа да қосылды. «Енді, біз 102 мемлекетпен жұмыс жасап, қаржы есеп-шоттары туралы ақпаратпен алмасатын боламыз. Қазіргі кезде Қазақстан ЭЫДҰ-ның арнайы жұмыс тобына кіріп, аталған стандартты енгізуге қатысты дайындық шараларын бастап кетті. Осыған орай, ұлттық заңнамаға тиісті өзгерістер енгізіледі. Жоспар бойынша 2019 жылғы барлық ақпарат беріледі. Сонда 2020 жылы қыркүйек айында бізге жерлестеріміздің 102 елдегі барлық есеп-шоттары туралы ақпарат түседі. Ол елдердің ішінде Ұлыбритания, Бермуд пен Кайман аралдары, Швейцария, Люксембург, Лиxтенштейн және тағы басқалар бар. 40-тан астам офшорлық юрисдикциялар да осы бастамаға қосылып отыр», — дейді салық салу әдістемесі бойынша департамент директоры Қайрат Жолмұxамбетов.

Оның сөзіне қарағанда, жеке ақпараттың ішінде қаржы иесінің аты-жөні, салықтық нөмірі, депозит пен активтерден түскен табыстың көлемі болады. Алайда ол ақпарат құпия мәліметке жатады. «Ақшаның сомасы аз ба, көп пе, оған қарамаймыз. Әрбір қазақстандықтың есепшоты туралы ақпаратты алдыртатын боламыз. Әрине, салықтан жалтарғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Мәселен, табыстан түскен салықты төлемегені үшін әкімшілік жаза да, қылмыстық жаза да бар. Негізі, бүгінгі заңнама бойынша Қазақстан азаматтары шетелдегі ақша мен мүлік туралы ақпаратты өздері ұсынады. Ал конвенция аясында ақпарат алмасу арқылы біз ол мәліметтердің бәрін салыстырып, тексере аламыз», — деп атап көрсетті Қ.Жолмұxамбетов.

Иә, қазіргі заңнамада «240-шы форма» деген декларация бар. Бірақ қазақстандықтар оны өз еркімен толтырады. Әзірше, ешкімді міндеттеп жатқан жоқ. Соның өзінде жерлестеріміздің шетелде біраз ақшаны ұстап отырғанын байқауға болады. Ресми мәліметке сәйкес, өткен жылы аталған декларацияны 68 мыңнан астам адам толтырды. Олардың ішінде 27 мың адам ақшаны ашық көрсетті. Ол қаржының жалпы сомасы 820 миллиард теңгеден асты. Бұл ақша 108 елдің банктерінде жатыр. Негізгі мемлекеттер ол — Сингапур, Швейцария, Ливан, Оңтүстік Корея, Ресей және тағы басқалар. Сонда 27 мың адамның шетелдегі ақшасы бір триллион теңгеге жуықтаса, барлық 68 мың адамның қаржысы екі триллионға жетуі әбден мүмкін ғой. Қазақстандықтар шетелдегі ақшадан бөлек жылжымайтын мүлікке қатысты декларацияларды да тапсырды. Бүгінде өз еркімен есеп бергендердің 69 мемлекетте 12 мың жылжымайтын мүліктері бар екен. Аталған мүліктің басым бөлігі Ресей, Болгария, Түркия, Испания, Ұлыбритания, АҚШ, Франция және тағы басқа елдерде тіркелген. Айтпақшы, «Францияда Қазақстан азаматы қымбат үй сатып алды», — деп біраз шулаған едік. Сөйтсек, ол мемлекетте бір емес, 60 жылжымайтын мүлік қазақстандықтардың атында жазылған. Осы орайда айта кеткен жөн, 240-шы декларацияда жылжымайтын мүліктің сомасын көрсету міндеті жоқ. Сондықтан адамдар нақты соманы жазбайды. Сөз жоқ, екі жылдан кейін жалпыға бірдей табыс декларациясы енгізілгенде шетелдегі ақшаның көлемі де, мүліктің мөлшері де әлдеқайда көп болады.

Әрине, осы шараның арқасында бюджетке салық та көп түседі. Ал салық көп түссе, зейнетақы мен жәрдемақыны көтеруге болады. Мұғалімдердің жалақысы өсетін шығар. Жалпы, бюджетке қарап отырған мамандардың жағдай жақсарады деген үміт бар. Алайда қалталы азаматтардың ішінде табыс декларациясынан қашатындар табылады. Өйткені ақшаны адал жолмен таппағандардың санасында «қудалау фобиясы» болады дейді. Оларға декларацияны тапсырмағаны үшін 50 АЕК — 120 250 теңгені төлей салған жеңіл сияқты. Шетелге көшіп кетпесе болғаны…

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Халықты отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тақырыбында маңызды кездесу өтті. Іс-шараға медицина және фармацевтика саласының мамандары, сондай-ақ өндіріс кәсіпорындарының жетекшілері қатысты....

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласының гарнизонына қарасты механикаландырылған бригадада 200 жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді. Жаңадан әскер қатарына алынған сарбаздар...

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкентте полиция мен қоғамдық көлік жүргізушілері арасында жол қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланған кездесу өтті. Жиынның басында автобустардың қатысуымен орын...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚАЛАМГЕР МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Жарқынбек Оразханның 75 жылдығына арналған «Озық ойлы – Оразхан» атты еске алу кеші өтті. Жиында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.