ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстанға келетін шетелдіктерге электрондық визаның қандай мақсатта берілетіндігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ҚР мүдделі мемлекеттік органдарымен «Электрондық виза» жол картасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жүйені енгізу аясында өтініштің электронды нұсқасын жасау және бір реттік электрондық виза алу (іскерлік, туристік немесе емделуге) қарастырылуда», — делінген ведомствоның ҚазАқпарат сауалына берген жауабында.
Сыртқы саяси ведомствода хабарланғандай, е-визаның пилоттық жобасы 2018 жылы іске қосылады. Алғашқы кезеңде шетелдіктер Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткенде электрондық визаны Астана және Алматы қалаларының әуежайлары арқылы рәсімдейтіні аталып өтілді.
«Пилоттық жобаны жүзеге асыру үшін шақыру, виза беру, елде болу және елден шығу тәртібін бақылайтын алгоритм әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады СІМ-де.