Бүгінгі таңда «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында (Бұдан әрі-АЭА) жалпы инвестиция құны 27,8 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба жүзеге асырылып, 1290 жұмыс орны құрылды.
«Оңтүстік» АЭА кәсіпорындармен өндірілген өнім көлемі 34,8 млрд. теңгені құрады. 18,9 млрд. теңгенің өнімі 15 мемлекетке (Германия, Англия, Корея, Франция, Түркия, ҚХР, ЕЭҚ елдері, Орталық Азия елдері және т.б.) экспортқа шығарылуда.
2018 жылы жалпы құны 2,1 млрд. теңге құрайтын, 230 жұмыс орнын құруды қарастыратын 5 жоба іске қосылатын болады.
Даму тенденцияларын және өсу нүктелерін қадағалау үшін Қазақстан мен шет мемлекеттердің арнайы экономикалық аймақтарын зерделеу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.
«Оңтүстік» АЭА әлеуетті инвесторлар және бизнес делегациялармен ағымдағы жылдың басынан 33 кездесу, онын ішінде отандық компаниялармен 22 кездесу, шетелдік компаниялармен 11 кездесу өткізді.
Кездесу нәтижесінде, жалпы құны 13,4 млрд. теңге құрайтын, 500-ден астам жұмыс орындарын ашуды қарастыратын жобаларды іске асыру жөнінде 6 инвестормен келісімдерге қол жеткізілді.
Дайындаған: Айдар Дидар.