Ресейде Ұлы Отан Соғысында қаза тапқан қазақстандық солдаттың сүйектері табылды, деп хабарлады ҚР елшілігінің сайтынан.
«Ресейлік іздеушілер ҰОС қаза тапқан Қазақстан солдатының сүйектерін тапты. Астанада салтанатты түрде марқұмның ұрпағына «майдангердің медальоны» табысталды», — делінген жұмада жарияланған хабарда. .
«Бізге жиеніміз осының барлығын көрсеткенде, бұл біз үшін күтпеген жаңалық болды. Менің және менің інімнің көзіне жас келді, біз енді туған адамымыздың қай жерде жерленгенін білеміз. Менің отбасым ғана емес. Біздің барлық тумамыз үшін. Бұл біз үшін үлкен жаңалық болды», – деді мйадангерлің немересі Владимир Калугин.
Данил Калугин фронтқа 37 жасында кеткен. Басқа да мыңдаған қазақстандықпен бірге 164-ші атқыштар дивизиясы құрамында Отанды қорғады. 1942 жылы 28 тамызда Тверь облысы Болтино ауылының маңында біздің әскер немістермен қиянкескі соғысқа тап болады. Қарсыластарының күші екі есе жоғары болатын. Әуе күштері мен танкілер қызыл әскер қатарын күндіз түні бомбылады. Көптеген адам өліміне қарамастан кеңес әскері жауды кейін шегіндірді.
Кейін отбасы Д.Кулагин туралы бірдеме білмек болған. Ол із-түссіз жоғалғандар қатарында еді. Былтыр сәуір айында майдангердің сүйектері табылып, жергілікті қорымда әскери құрметпен қайта жерленді. Ал оның медальоны тумаларына тапсырылды.
«Аталмыш әскери медальон әр әскери қызметкерге табысталады. Ббұл әскри қызметкерге көрсетілген құрмет. Медальонда қашан және кімнің шақыртқаны, қандай құрамда, бөлімшеде әскери жаттығудан өткені көрсетілген. Мұны өскелең ұрпақтың қатысуымен ҰОС ардагерлеріне, Қарулы күштер ардагерлеріне құрмет көрсете отырып, біздің ұрпақ батырларды есте сақтауы үшін салтанатты түрде табыстаймыз», – деді Астана қ. қорғаныс істері департаменті бастығының м.а. Марат Есенов.
Енді бұл медальон отбасылық құндылық, дейді мақтанышпен майдангердің немересі. Жақын арада В.Калугин отбасымен батыр атасының жерленген жерінде болып, еске алуды жоспарлап отыр.
Дереккөз: ҚазТАГ.