• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Наурыз 30, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Грэпплингтен алғашқы Әлем кубогы Астанада өтеді

27.07.2018
0

Грэпплингтен алғашқы Әлем кубогы Астанада өтеді. Сондай-ақ, әр түрлі елдерден келетін балуандар іріктеуден өтпей-ақ халықаралық Asia Open турниріне қатыса алады. Бұл туралы ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

28-29 шілдеде Астанада кең ауқымды шара өтеді. Қазақстанның бас қаласында грэпплингтен алғашқы Әлем кубогы ұйымдастырылады. Іс-шараның бастамашысы — ҚР Грэпплинг ассоциацисы. Әлем кубогына Ресей, Америка Құрама Штаттары, Бразилия, Қазақстан сияқты елдердің командалары қатысады деп күтілуде. Кубок мачтық кездесу түрінде өтетін болады. Бір команда басқа бір командаға қарсы шығады.

«Бұған дейін грэпплингтен Әлем кубогын ешбір ел ұйымдастырмаған, сол себепті бұл шара біз үшін өте маңызды. Қазақстан — осындай форматтағы жарысты өткізуге шешім қабылдаған әлемдегі алғашқы ел», — деп атап өтті Қазақстан грэпплинг ассоциациясының президенті Қанат Алин.

Сонымен қатар, дәл осы күндері халықаралық Asia Open турнирі өтеді. Оның басты ерекшелігі күресуге ниет білдірген азаматтардың барлығына жарысқа қатысу мүмкіндігі беріледі. Бүгінге дейін спорттық бәсекеге қатысуға Ресей, Өзбекстан, Қырғыстан, Литва, Украина, АҚШ сияқты 500-ден астам спортшы өтініш білдіріпті. Бұдан бұрын Asia Open ұйымдастырылмаған еді. Азиядағы грэпплинг комитетінде бұл турнирдің грэпплингті Азия континентінде ғана емес, күллі әлемде дамытуға ықпал ететінін айтты.

Былтыр Қазақстан грэпплинг ассоциациясының ұйытқы болуымен елордада көптеген жарыстар өткен болатын. Олардың ішінде Астанада грэпплингтен өткен алғашқы Азия чемпионаты, жыл сайынғы Astana Open турнирі сияқты балалар мен ересектер арасында өткен халықаралық және республикалық жарыстар, грэпплингтен Қазақстан біріншілігі мен Кубогы бар. Осы ретте Батыс, Шығыс, Солтүстік, Оңтүстік және Орталық Қазақстанда өтетін 5 турнирден тұратын Qazaq Batyry Championship жарыстары да үлкен маңызға ие.

18-19 тамызда Qazaq Batyry Chаmpionship-тің негізгі кезеңі өтеді. Оның қорытындылары бойынша Астанада өтетін жылдың ең басты оқиғасы — 2018 жылғы Әлем чемпионаты додасында Қазақстанның намысын қорғайтын балуандар таңдалмақ.

Айта кетейік, грэпплинг — дзюдо, самбо, джиу-джитсу, еркін, грек-рим және басқа күрестің барлық стилін қамтитын жекпе-жектің түрі. Грэпплингтің артықшылығы — спортшылар екі секция бойынша күреседі.

Спортшылардың салмағын ресми өлшеу рәсімі 27 шілдеде сағат 18:00-де Тұран көшесі, 4/2 мекен-жайы бойынша орналасқан «Дәулет» спорт кешенінде өтеді.

Жекпе-жектер 28-29 шілдеде сағат 10.00-де «Дәулет» СК-де өтеді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

⚡️Түркістан төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табысталды. Салтанатты рәсімде...

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Шымкентте А.Асқаров атындағы мемлекеттік дендрологиялық саябақ аумағында келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында маңызды жоба сәтті жүзеге асырылды. Жасанды көл маңындағы...

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

 Шымкентте Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын форматтағы отырысы өтті. Оған Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин,...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық аясында Түркістан облысы биыл ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріп отыр. Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында...

КҮРІШ ПЕН МАҚТА ЕГІСТІКТЕРІ АЗАЯДЫ

КҮРІШ ПЕН МАҚТА ЕГІСТІКТЕРІ АЗАЯДЫ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

24 ақпанда өткен Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы пысықталды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мақта мен күріш егілетін...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.