• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Шілде 12, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Балаға берілетін жәрдемақы: кімге, қалай және қанша төленеді?

27.07.2018
0

Жыл сайын айлық есептік көрсеткіштің өсіп отыруына байланысты мемлекеттен балаларға берілетін жәрдемақының мөлшері де өзгеріп тұрады.

Қазақстанда ана мен баланы қорғау, демографиялық жағдайды жақсарту мен бала тууды ынталандыру шаралары аясында бірнеше мемлекеттік жәрдемақы қарастырылған, деп хабарлады Sputnik.kz.

Бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы

Бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы республикалық бюджет есебінен жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін әйелдерге төленеді.

бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) немесе 2018 жылы 91 390 теңге;

төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК немесе 2018 жылы 151 515 теңге.

Бір жасқа дейінгі берілетін ай сайынғы жәрдемақы

Сәби бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты тағайындалатын ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (жұмыс істемейтін әйелдерге):

бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 13 853 теңге;

екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 16 379 теңге;

үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 18 880 теңге;

төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 21 405 теңге.

Ал жұмыс істейтін әйелдерге бала күтіміне байланысты бiр жасқа толғанға дейiн төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлем мөлшері былай есептеледі:

Төлем мөлшерін есептеу үшін соңғы 2 жыл ішіндегі жалпы табысты  (Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған әлеуметтік аударымдармен расталады) 24 айға бөліп, содан кейін 0,4-ке көбейтіп, кейін шыққан сомадан 10% зейнетақы жарнасын алып тастау қажет.Мысалы, айталық, сіз босанғанға дейін 2 жыл жұмыс істедіңіз, жалақыңыз 200 мың теңге. Енді жалпы жиынтық табысты есептеу үшін 200 мың теңгені 12 айға көбейтеміз.12*200 000= 2 400 000Осы 2 400 000 теңгені 24 айға бөлеміз: 2 400 000/24= 100 000 теңге100 000 теңге – табыстың орташа айлық мөлшері. Осы орташа айлық мөлшерді 0,4 коэффициентіне көбейтіп, 10% зейнетақы жарнасын шегереміз.100 000*0,4 = 40 000 теңге, 10% шегергенде босанған әйел ай сайын 36 000 теңге алады.Жұмыс істейтін әйелдерге жүктілікке және босануға байланысты төленетін біржолғы әлеуметтік төлемнің мөлшері былай есептеледі: орташа айлық табысты жұмысқа қабілетсіздік күндер санының тиісті коэффициентіне көбейтіп, кейін шыққан сомадан 10 процент зейнетақы жарнасын алып тастайсыз.Бұл жәрдемақы түрлері баланы туған, асырап алған, сондай-ақ қамқоршылыққа алған балалары бар отбасыларға тағайындалады.Сонымен қатар, биыл Елбасының тапсырмасымен 1 шілдеден бастап кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақы енгізілді.Қосымша жәрдемақыны шамамен 14 мың отбасы ай сайын алатын болады. Жәрдемақы көлемі биыл ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,05 мөлшерін немесе 29 699 теңгені құрайды.Көп балалы аналарОтбасы саясатын нығайту және сақтап қалу, көп балалы аналардың мәртебесі мен беделін арттыру мақсатында әлеуметтік қолдау шарасы ретінде көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы қарастырылған.

«Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға6,4 АЕК немесе 2018 жылы 15 392 теңге төленеді.Бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға (арнаулы мемлекеттік жәрдемақы 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған отбасыларға ғана төленеді):4,16 АЕК немесе 2018 жылы 10 005 теңге. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрмысы төмен отбасыларға көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек жаңа тәртіп бойынша төленеді. Яғни атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін жәрдемақы, төрт және одан да көп балалары бар отбасыларға төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы біріктірілген.

Айта кетсек, үш жәрдемақының жалпы сомасы тұрмысы төмен отбасылардың әр мүшесіне ай сайын 6396 теңгені құрайтын. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 10 процентке көтерілуіне байланысты әрбір жан басына қосымша берілетін көмектің сомасы 2500 теңгеге артады.

Атаулы әлеуметтік көмек шартсыз және шартты ақшалай көмек болып бөлінеді. Яғни тұрмысы төмен отбасылар бұл көмекті алу үшін мемлекет қойып отырған шарттарды орындауы тиіс.

Шартты ақшалай көмек – отбасында кем дегенде еңбекке жарамды бір мүшесі бар отбасылар үшін. Отбасы әлеуметтік келісімшартқа қол қойып, жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысқан кезде ғана беріледі. Яғни мемлекет еңбеккке қабілетті азаматты жұмысқа орналастырып, кәсібін ашқысы келетіндерге микрокредит береді. Егер азамат әлеуметтік келісімшартқа отырудан бас тартса, онда атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды. Сондай-ақ, жұмыспен қамту шараларына қатысуды өз еркімен тоқтатса, онда төленіп жатқан атаулы әлеуметтік көмек те тоқтатылады.

Ал шартсыз ақшалай көмек еңбекке қабілетті азаматтары жоқ немесе орынды себептермен жұмысқа шыға алмайтын отбасыларға беріледі. Мәселен, отбасында 7 жасқа дейінгі баланы қарайтын немесе мүгедек баланы бағып отырған,  немесе мүгедек жанды күтіп отырғандар, әрине, жұмысқа шыға алмайды. Осындай отбасыларға шартсыз көмек көрсетіледі. Көп балалы жалғызбасты аналарға да шартсыз ақшалай көмек көрсетіледі.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласында алты жаңа өрт сөндіру бөлімі салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мегаполиске жұмыс сапары барысында келгенде айтылды....

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

АСПАЛЫ ЖОЛ ӨТКЕЛІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенаторлар Шымкент қаласындағы теміржол өткелінің құрылыс жұмысымен танысты.Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында салынып жатқан аспалы жол өткелі қаладағы көлік кептелісін...

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

Айғақ медиа
09.07.2025
0

 Қосымша білім беретін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жаңа талаптар енгізілді. Енді үйірмелерге қатысатын балалар саны шектеледі, сондай-ақ бұдан былай ерекше балаларды...

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Елімізде генетикалық сараптама жасайтын 5 қана орталық бар. Соның бірі Шымкентте. Орталыққа Полиция департаменті мен азаматтық соттардан сұраныс өте көп...

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.