2018 жылдың 6 айында ҚР ИДМ Көлік комитеті халықаралық автомобильмен тасымал жасау үшін 42 елмен 128,5 мың рұқсат бланкілерімен алмасты, деп хабарлайды Baq.kz ведомсвтоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен, бланкілердің жалпы көлеміндегі 105,2 мыңы жан-жақты рұқсаттамалар; 23,2 мыңы – жүктерді үшінші елдерден/ге тасымалдауға рұқсат бланкілері.
«Есептік мерзім бойынша қазақстандық тасымалдаушыларға 67 мыңнан астам шетелдік рұқсат бланкілері берілді. Олардың 36 мыңы немесе 53%-ы пайдаланылғаннан кейін қайтарылды. Дәстүрлі рұқсаттамалардың басым бөлігі ҚХР-на рейс жасау үшін берілді. Олардың саны – 26,2 мың. Былтырғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда Литва бағытына берілетін бланкілер көлемі мыңға өскен (6,8 мың). 6 мың бланкі Польша (6,7 мың) мен Ресейге (6,3 мың) берілген. Германия, Беларусь және Нидерланды елдеріне рұқсат бланкілері 400-ге өскен. Яғни 4,1 мың, 1,3 мың және 1,2 мыңға дейін жетіп отыр», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, қазақстандық тасымалдаушыларға шетелдік бланкілерін беру мемлекеттік қызметі автоматтандырылғанын және оны www.elicense.kz порталы арқылы алуға болатынын атап өткен жөн. Осы жүйеде бланкілер тасымалдаушының жылжымалы құрамын, бұрын берілген бланкілерді қайтарғанын және аймақтық органдардағы қалған бланкілердің көлемін ескере отырып таратылып үлестіріледі.