• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Шілде 12, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақ тілінің латын графикасындағы емле ережесін апробациялау басталды

24.07.2018
0

Оқушылар тестілеуден өтіп,  лингвист ғалымдарға жаңа әліпбидің орфографиялық мәселелерін анықтауға көмектесті.

Қазақстанның барлық өңірлерінен жазғы демалыстарын «Балдәурен» оқу – сауықтыру орталығына өткізуге келген 300-ге жуық оқушы латын графикасындағы қазақ тілінің жаңа емле ережесінің пилоттық жобасын апробациялауға қатысты.

Оқушылар тестілеуден өтіп,  лингвист ғалымдарға жаңа әліпбидің орфографиялық мәселелерін анықтауға көмектесті.

«Жаңа әліпбиді алғашқы болып сынақтан өткізуді «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығына демалуға келген 6-9 сынып оқушылары қатысуда. Бұнда еліміздің барлық өңірлерінің  балалары  жиналды. Әліпби бекітілді,  келесі саты – емле  ережесін анықтау,  біздер, қазір осы бағытты  жұмыс істеп жатырмыз.  Енді  қыркүйек айына дейін бұндай сынақтарды бүкіл республика аумағында көпшілік қауымның  қатысуымен өткізу жоспарлануда»,  — дейді  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық – саяси жұмыс комитетінің төрағасы Қуат Борашев.

«Қазақ тілін латын әліпбиіне  көшіру – елдің жаһандық келешегі,  ел болашағы үшін жасалып жатқан мемлекет қамқорлығы. Біздер үшін  жас ұрпақтың пікірі өте маңызды – өйткені олар  келешекте өмір сүретін, жаңа әліпбиді қолданатын болады», –  дейді, белгілі қоғам қайраткері, «Тіл -Қазына» ҰҒПО бас директоры Ғарифолла Есім.Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының профессоры, орфографиялық топтың мүшесі Назгүл Түленбергенованың атуынша, сынақ қорытындысында алынған мәліметтер жаңа емле ережесінің жобасын жасаған кезде ескерілетін болады.

«Оқушыларға әртүрлі деңгейдегі алты тапсырама қамтыған брошюралар таратылды, оларда орфографиялық  нормалардың барлық қырларын қамтиды. Балаларға қиындық туғызған, көп қатеге жол берілген  тапсырмалар ескерілетін болады. Балалар тапсырмаларды игеруде, олардың ағылшын тілін білетіндігі байқалады. Жаңа латын графикасындағы кейбір «э», «ю», «я», «ё» әріптері  басқаша жазылатын болады. Негізінде тапсырмалар жоғарыда аталған әріптерді, сондай-ақ «ш», «щ» әріптерін санақтан өткізуге  берілді. Сонымен бірге қиын, біріккен шет тілінің сөздеріне арналған тапсырмалар да бар», –  деп толықтырды  Назгүл Түленбергенова.

Тапсырмалар жинағы алты парақтан тұрады. Басында сауалнамалық мәліметтерді толтыру қажет.  Жинақтың бірінші тапсырмасы оқушыға оның пікірі бойынша қазақ сөздерін латын қаріпіндегі ыңғайлы және дұрыс нұсқасын  таңдауды, сондай-ақ ұсынылған «дұрыс» және «икемді» деген сөздерді екі  нұсқада жазуды  ұсынады. Сондай-ақ оқушылар  өздеріне ұнаған нұсқадағы сөздерді және  оларды латын қаріпінде де,  кирилицада да жаза алады. Жинақтың соңғы парағы оқушылар өздерінің ескертулерін  жазу үшін қалдырылған.Тестілеуден өткеннен кейін Алматы қаласының 8 сынып оқушысы Айтен Бексұлтан  ыңғайсыз болған бірнеше сөзді атап өтті және бұл сөздерді жазудың басқа нұсқаларын ұсынды.

«Циркуль» сөзінде «s» әріпі оқуға ыңғайсыз,  «sirkul» болып кетеді. Ал егер  «s»  алдына  «t» қойсақ  «ts»  ыйңғайлы болады  Ashat, аshana сөздері де оқуға қиын, олар «Ашат» және «ашана» болып кетеді. Сондықтанда араб тіліндегі сияқты оларды  басқа бір таңбамен  белгілеуді ұсынамын»,  –  деді оқушы Айтен Бексұлтан.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық – саяси жұмыс комитетінде  хабарлағандай  Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл Қазына» ұлттық ғылыми –практикалық орталығы  қазақ тілінің жаңа емле ережесі пилоттық жобасының бірінші кезеңін өткізуде.  Жаңа емле ережесін тестілеу еліміздің барлық аймақтарында өткізіліп,  барлық әлеуметтік топтарды қамтитын болады. Бұл пилоттық жоба жаңа емле ережені жасау барысында тұрғындардың қоғамдық пікірін білуге  тиімді шешімдерді анықтауға және белгілеуге бағытталған.

Еске сала кетейік, Қазақстан Рсепубликасы Президентінің 2017 жылғы 27 қазандағы «Қазақ әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2025 жылға дейін қазақ әліпбиін латын графикасына кезең –кезеңмен көшіру іс шаралары туралы» Жоспары қабылданды, Жоспарда қазақ әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшірудің кезеңдері: бірінші кезең – 2018-2020 жылдары, екінші кезең – 2021-2023 жылдары, сондай-ақ үшініші кезең – 2024-2025 жылдары болып белгіленді.

Осыған дейін Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына  көшіру жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысы өтті.

Отырыста қазақ әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіру бойынша іс-шаралар жоспары туралы, Ұлттық комиссия жанынан құрылған орфографиялық, әдістемелік, терминологиялық, техникалық және ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі жұмыс топтарының атқарған қызметінің нәтижелері, сондай-ақ жаңа редакциядағы әліпби негізінде ереже жобасын әзірлеп, бекіту мәселелері талқыланды.

Елордада қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру мәселелеріне арналған біліктілікті арттыру курстары оқытыла бастағаны туралы хабарлағанбыз. Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өтті. Жоғары және орта кәсіби оқу орындарының мұғалімдері, елорда мектептерінің қазақ тілі пәнінің мұғалімдері латын қарпіне негізделген қазақ тілінде жазудың ережелері, шетел сөздерін жазу ержелері бойынша дәріс алды.

BNews.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласында алты жаңа өрт сөндіру бөлімі салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мегаполиске жұмыс сапары барысында келгенде айтылды....

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

АСПАЛЫ ЖОЛ ӨТКЕЛІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенаторлар Шымкент қаласындағы теміржол өткелінің құрылыс жұмысымен танысты.Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында салынып жатқан аспалы жол өткелі қаладағы көлік кептелісін...

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

Айғақ медиа
09.07.2025
0

 Қосымша білім беретін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жаңа талаптар енгізілді. Енді үйірмелерге қатысатын балалар саны шектеледі, сондай-ақ бұдан былай ерекше балаларды...

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Елімізде генетикалық сараптама жасайтын 5 қана орталық бар. Соның бірі Шымкентте. Орталыққа Полиция департаменті мен азаматтық соттардан сұраныс өте көп...

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.