• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Мамыр 12, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Футбол: Франция екі мәрте әлем чемпионы атанды

16.07.2018
0

Бүгін Мәскеуде футболдан әлем чемпионатының финалында Франция мен Хорватия құрамалары жасыл алаңға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Лужники» стадионындағы күллі әлем көз тіккен ойынға аргентиналық Нестор Питана бастаған қазылар төрелік етті.

Бұдан жиырма жыл бұрын Францияда өткен дүниежүзілік додада қос команда өз спорттық тарихында ең үздік нәтижелеріне қол жеткізген болатын.

Франция әлем чемпионы атанса, хорваттар қола жүлдені қанағат тұтқан еді. Бір қызығы, жартылай финалда француздар 2:1 есебімен ұтып, Хорватияның жолын кескентұғын.

Осыған дейін Хорватия мен Франция өзара бес рет кездессе, соның үшеуінде француздар жеңіске жетіп, қос бәсеке тең аяқталған екен.

Франция құрамасының бас бапкері, 1998 жылғы әлем чемпионы Дидье Дешам алтын жүлде үшін таласқа мына ойыншыларын лайық деп тапты: Уго Льорис (қақпашы әрі капитан), Бенжамен Павар, Рафаэль Варан, Самюэль Умтити, Лукас Эрнандес, Нголо Канте, Поль Погба, Блез Матюиди, Антуан Гризманн, Килиан Мбаппе, Оливье Жиру.

Хорватия командасының шама-шарқын жақсы білетін Златко Далич те өз сайыпқырандарына сенім артты: Даниел Субашич (қақпашы), Шиме Врсалько, Иван Стринич, Деян Ловрен, Домагой Вида, Марцело Брозович, Лука Модрич (капитан), Иван Ракитич, Иван Перишич, Анте Ребич, Марио Манджукич.

Матч басталысымен ойын тізгінін қолына алған хорваттар француздарды біраз тықсырды. Дегенмен, Дидье Дешам шәкірттері бірінші болып есеп ашты. 18-минутта Марцело Брозович өз айып алаңына таман Антуан Гризманды шалып жықты. Гризманн орындаған айып добы хорватиялық шабуылшы Марио Манджукичтің басына тиіп, қақпадан бір-ақ шықты — 1:0.

Хорваттар қайта алға ұмтылды. 27-минутта Нголо Канте алаң ортасында Иван Перишичке қарсы тәртіп бұзып, ескерту алды. Бір минуттан соң стандартты жағдайдан кейін әдемі өрілген комбинация нәтижесінде И.Перишич қақпа бұрышын дәл көздеді — 1:1.

34-минутта бұрыштамадан берілген доп өз айып алаңындағы И.Перишичтің қолына тиді. Н.Питана бейнеқайталауды қарағаннан кейін 11 метрлік нүктеге нұсқады. 38-минутта А.Гризманн пенальтиді мүлт жібермей, Франция құрамасын қайта алға шығарды — 2:1. Бельгиялық Ромелу Лукаку мен ресейлік Денис Черышев сияқты Гризманн да біріншілікте соққан гол санын 4-ке жеткізді. Дегенмен қарсыластар қақпасына 6 гол енгізген Англия капитаны Гарри Кейнге ешкім жете алған жоқ.

Бірінші тайм соңына таман хорваттар қарқынды күшейтіп, бұрыштамадан қайта-қайта доп бергенімен, одан нәтиже шыға қоймады.

Кездесудің екінші кезеңі хорваттардың шабуылымен басталды. 48-минутта Иван Ракитичтің пасынан кейін Анте Ребичтің соққысын Уго Льорис қайтарды. Екі минут өтер-өтпесте Иван Перишич жекедара алға ұмтылған сәтте тағы да Льорис қақпасынан дер кезінде шығып, допқа бұрын жетті.

Француздар да қарап қалған жоқ. 52-минутта тез ұйымдастырылған қарымта шабуылдан кейін Даниел Субашич Килиан Мбаппенің соққысына тосқауыл қойып, өз қақпасын аман алып қалды. Алайда 59-минутта француздар дегеніне жетті. Оң қанаттан Мбаппе допты Гризманға жылжытты. Поль Погбаның бірінші соққысын Субашич қайтарғанымен, екіншісінде ол мүлт кеткен жоқ — 3:1.

61-минутта француздар тағы бір гол соғып кете жаздады. Мбаппенің пасынан кейін Оливье Жиру асырған допты қақпа алдында жалғыз қалған Гризманның соғуына хорватиялық қорғаушы Брозович мүмкіндік берген жоқ. 65-минутта сол қанаттан Лукас Эрнандестің пасынан кейін Килиан Мбаппе есепті 4:1-ге жеткізді. Бұл 19 жасар ойыншының осы чемпионаттағы төртінші голы еді. Жалпы, Франция құрамасында сайдың тасындай іріктелген жастар жетерлік.

69-минутта қорғаушы артқа берген пастан кейін Франция капитаны Льорис өрескел қателесіп, Манджукич есепті қысқартты. Бұдан кейін де хорваттар беріспей, алға ұмтылып баққанымен, француздар сауатты қорғана білді.

Осылайша соңғы айқаста 4:2 есебімен жеңіске жеткен Франция құрамасы екінші рет әлем чемпионы атанды. Хорваттар күміс жүлдені қанағат тұтты. Бұл да — олар үшін үздік көрсеткіш.

Айта кетейік, бұған дейін футбол тарихында бразилиялық Марио Загало мен германиялық Франц Беккенбауэр әрі ойыншы, әрі бапкер ретінде әлем чемпионы атанса, Дидье Дешам осы нәтижені үшінші болып қайталап отыр. Сонымен қатар Дешам бұдан екі жыл бұрын Еуропа чемпионатының финалында Португалияға жол берген еді. Екі жыл ішінде командасын қайта құрған маман әлем чемпионатында есесін қайтарды. Мұндай көрсеткішке Еуропа құрамалары ішінде ешкім жетіп көрген жоқ.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ФАО ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) өкілдері бруцеллезді бақылауды техникалық қолдау және ветеринариялық бақылауды нығайту жөніндегі миссия шеңберінде Қазақстанға...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.