• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Маусым 15, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабынан: Ұлы Дала Елінің бас қаласы

09.07.2018
0

Ақорда күмбезіндегі алтын қыран, Қазақ елі монументінің басындағы

киелі Самұрық құс, дәстүрлі қазақ үйінің сұлбасын еске түсіретін Тәуелсіздік

сарайы  және,  көне  аңыздарға  арқау  болған  Бәйтерек  –  Астананың  осы

және басқа да көптеген көрікті жерлері ұлттық мифологиямен, халықтың

тарихи жадымен тығыз байланысты.

Ұлы тарихи қайраткерлердің есімдерінсіз Астана топонимикасын көз-ге  елестету  мүмкін  емес.  Оның  көшелерінде  туған  жердің  тарихы  ежел-гі  жауынгерлердің  мүсін-тұлғаларында,  аңыз  қаһармандарында,  тотемдік

жан-жануарлардың бейнесінде қайта тірілгендей болады.

Астананың сәулеттік келбеті сан түрлі ұлт өкілдері мекендейтін қаланың

еуразиялық болмысынан хабар береді, шаһардың жай механикалық бірігу

жолымен емес, дүниенің төрт құбыласы – Батыс пен Шығыс, Солтүстік пен

Оңтүстік мәдениеттерінің үйлесімінен туғанын айғақтайды.

Он жылдан астам уақыттан бері әлемдік деңгейдегі зор оқиғалардың

куәсі болып келе жатқан Тәуелсіздік сарайының өн бойынан келісті сәулет-тік шешім мен ішкі функционалды жан-жақтылық өзара жарасым тапқан.

2006 жылы күллі әлемге мәшһүр британ сәулетшісі Норман Фостердің

жобасы бойынша салынған, биіктігі 62 метрге жететін алып ғимарат – Бей-бітшілік және келісім сарайы Астананың мәдени өмірінің нағыз орталығы-на айналды. Оның ішіне кітапхана, музей, тіпті театр да сыйып кеткен. Түр-лі елдердің дін қайраткерлері өздерінің дәстүрлі кездесулерін өткізу үшін

осы Бейбітшілік және келісім сарайын таңдайды. Н.Фостер Астанада бұдан

басқа тағы екі бірегей жобаны жүзеге асырды – 2010 жылдың шілдесінде

ашылған алып күмбезі бейнесіндегі «Хан Шатыр» архитектуралық ансамблі

және пішіні аса зор көз ұясына ұқсайтын Назарбаев орталығының ғимара-ты (2013 жылдың желтоқсан айында ашылды).

2009 жылы «Қазақ елі» сәулет кешені салтанатты түрде бой көтерді. Ұшар

басына жеңімпаз Самұрық құс келіп қонған, көкке ұмтылған маңғазмұнара

Қазақстанның бүгінгі келбеті мен ертеңгі күнін бейнелейді. Осынау ғаламат

кешен қазақ жазирасының кеңдігінен, ұшы-қиыры жоқ дала тұрғындары-ның дарқандығынан хабар береді. Қазақ елі монументінің негізінде қазіргі

заманғы Қазақстан тарихының жарқын беттерін ашатын айшықты бедер

жатыр. Сонымен қатар, монумент Еуразия кіндігінде жаңа мемлекеттің дү-ниеге келгенін паш етіп тұр.

2014 жылдың 24 желтоқсанында тұсауы кесіліп, Ақорда деген атауға ие

болған ел Президентінің ресми резиденциясы үш жылдан астам уақытта

салынып бітті. Көк түсті күмбезбен көмкерілген көрікті ғимарат өзінің клас-сикалық  сұлулығымен  атам  заманғы  айбынды  сарайларды  еске  түсіреді

және дүние жүзіндегі президент резиденцияларының ең көркем «ондығы-на» еркін енеді.

Ғимарат Астана сәулет кешенінің күретамыры іспетті түзу сызықтың дәл

ортасында орналасқан «Хан Шатыр» – «Бәйтерек» – «Ақорда» – «Бейбіт-шілік және келісім сарайы» – «Қазақ елі»… Кешеннің сәулеттік кескінінде

Ұлы дала дәстүрлерімен сабақтастық идеясы, сондай-ақ еуразиялықмәде-ниетті, толеранттылықты алға шығару мақсаты мен қуатты Қазақстан мем-лекетін қалыптастыру ниеті өзара тоғысып жатыр.

Елорданың  ең  ерекше  ғимараттарының  бірі  –  «Қазақстан»  концерт

залы.  Итальян  сәулетшісі  Манфреди  Николеттидің  жобасы  2010  жылы

Ақорданың маңынан орын тепті. Оның сыртқы сұлбасы енді ашылып келе

жатқан дала гүлін көзге елестетеді. Бұл – италиялықтардың елорда құрылы-сындағы жалғыз қолтаңбасы емес. Ренато Аркетти қазіргі заманғы әлемдік

сәулет  өнерінің  үздік  жауһарларынан  еш  кем  түспейтін  «Астана  Опера»

мемлекеттік опера және балет театрының ғимаратын салды (2013 жылдың

маусым айында ашылды).

Сол жағалаудың салтанатты реңкіне сән үстей түскен сәулетті ғимарат –

ақшаңқан қабырғалары мен алтын күмбезі көз қарықтыратын «Нұр-Астана»

мешіті (2005 жылы салынған). Діни қауым мүшелері мен жалпы келушілер-ге әрдайым есігі ашық православиелік Свято-Успенский шіркеуі, Рим-като-лик шіркеуі, «Бейт Рахель – Хабад Любавич» синагогасы, сондай-ақ басқа

да дін ғибадатханалары жұмыс істейді. 2008 жылы Тәуелсіздік алаңында

Әзірет Сұлтан мешітінің құрылысы басталды. Төрт жылға созылған жұмыс

тура Астана күнінде – 2012 жылдың 6 шілдесінде аяқталды.

Сәулеттік пішіндердің жан-жақтылығына Астананың ғылым, мәдениет,

медицина және спорт орталығы ретіндегі мазмұны мен кескін-келбеті де

сайма-сай. Мен осы және басқа да нысандарға шұқшия қарап, өзгертулер

енгізіп, сәулетшілермен талай отырдым. Оның бәрін суреттеу кітаптың көп

бетін алар еді. Мақтанғаным емес, Астанаға қараймын да сүйсінемін. Осы-ны шынымен біз жасадық па? Иә. Жаңа астана жайнай түсті.

Лев  Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университеті  мен  Назарбаев

университеті – еліміздегі ең жоғары білім деңгейімен даңқы шыққан оқу

орындары.  Ұлттық  ғылыми-медициналық  орталық,  Ана  мен  бала  ұлттық

орталығы,  Ұлттық  ғылыми  кардиохирургия  орталығы  отандық  денсаулық

сақтау саласының мақтанышы саналады және қай жағынан болсын шетел-дік үздік орталықтармен бәсекелесе алады. Астананың басты спортаре-налары  –  «Қазақстан»  спорт  сарайы,  төбесі  жабылатын  «Астана-Арена»

футбол стадионы, «Сарыарқа» велотрегі, конькимен сырғанаушыларға ар-налған «Алау» стадионы – ең қатаң деген спорттық-техникалық талаптарға

да сай келеді және әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді.

Орта мерзімді міндеттерді шешумен қатар, елорданы дамытудың ұзақ

мерзімге арналған жоспарлары жөнінде айқын ұстанымымыз болуы керек

екеніне өз басым сенімдімін.

Мақсатты түрде ілгерілей беруіміз үшін біз қаланың келешектегі кес кін-келбеті мен бет-бейнесі қалай боларын анықтап алуымыз керек. Астана-ны дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясында бұл бейне ұсақ-түйегіне дей-ін  нақтыланып,  тәптіштей  баяндалған.  Қаланың  тұрақты  дамуының  2030

жылға дейінгі стратегиялық жоспарында өршіл мақсаттар мен оларды іске

асыру жолдарының, сондай-ақ өз мүмкіндіктеріміздің арасындағы қисын-ды  теңгерімге  қол  жеткізілген.  Біз  қолымыздан  келетін  іске  ғана тәуекел

етіп, бел шешіп кірісуіміз керек. Қала халқының өмір сүру стандарттарын

жақсарту және әлеуметтік салаға икемделген экономика құру бастымақсат

ретінде белгіленіп отыр.

Қала  құрылысы  қарқынды  жүріп  жатыр.  Ол  өзіне  ғана  тән  қайталан-бас ырғақпен өмір сүріп келеді. Жаңа астанамыздың жылнамасы әріқарай

жалғаса бермек. Бұл жерде жаңа ғасырдағы төл тарихымыздың шежіресі

жазылуда.

Бірде  Индонезияға  барғанда,  мен  сол  елдің  тұтас  мини-картасын

көрдім. Астанаға оралған соң, қала басшылығына соның қазақы нұсқасын

– «Атамекен» этно-саябағын салуды тапсырдым. Енді жаңа астанамыздың

орталығынан назар салған жанды өте керемет әсерге бөлейтін тұтас Қа-зақстанның шағын келбетін көруге болады.

Бұл жерде мен «өз бойына бүкіл Қазақстанды сыйдырған Астана» деген

тұспалды бекерден-бекер қолданып отырған жоқпын. Біз астананы әйтеуір

ауыстыру үшін ғана ауыстыра салған жоқпыз, бүкіл Қазақстанның жарқын

болашағы үшін көшірдік.

Дайындаған: Айдар Дидар.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен үздік дәрігерлер, денсаулық сақтау қайраткерлері, түрлі бағыттағы мамандар жоғары мемлекеттік наградаларға ие...

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды. Бұл...

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкері күні қарсаңында біз өмірді сақтаудың тағы бір тарихымен бөлісеміз. Осы жылдың 30 мамырында Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

    2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн...

КЕНТАУЛЫҚ СТУДЕНТ ОҚУШЫЛАРҒА БОЛАШАҚ КӘСІБІН ТАҢДАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН СТЕНД ОЙЛАП ТАПТЫ

КЕНТАУЛЫҚ СТУДЕНТ ОҚУШЫЛАРҒА БОЛАШАҚ КӘСІБІН ТАҢДАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН СТЕНД ОЙЛАП ТАПТЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

Кентау политехникалық колледжінің 4-курс студенті Улугбек Бахтияров жұмысшы мамандарын даярлауға арналған оқу стендін жасап шығарды. ASAR-1 — инженерлік мамандықтарды біріктіретін...

ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕРДЕН АМАН ҚАЛУ КӨРСЕТКІШІ 70%-ДАН АСАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕРДЕН АМАН ҚАЛУ КӨРСЕТКІШІ 70%-ДАН АСАДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

  Қазақстан Республикасында жыл сайын балалар арасында 800-ден астам онкологиялық және гематологиялық аурулардың алғашқы жағдайы анықталады, олардың шамамен 600-і қатерлі...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.