Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс 33- сессиясында депутаттар Бухарбай Пармановтың Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі лауазымына кандидатурасын бірауыздан қолдады.
Бухарбай Рысқұлұлы 1962 ж. 20 қазанда дүниеге келген, білімі – жоғары. Еңбек жолы 1980 ж. Ленин ауданы Әлішер Навои колхозының колхозшысы болудан басталған. Мемлекеттік қызметті 1986 ж. Кентау қалалық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер инспекциясының экономисті болудан басталды.
1987-1988 жж. Ленин аудандық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер экономисті, 1988-1989 жж. Ленин аудандық қаржы бөлімінің аға салық ревизоры-инспекторы, 1989-1990 жж. Ленин аудандық қаржы бөлімінің бас салық ревизоры-инспекторы қызметтерін атқарды.
1994-2002 жж. аралығында Салық және қаржы полициясы органында қызмет атқарған.
2007-2014 жж. ОҚО Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары, 2014-2016 жж. Сарыағаш ауданының әкімі қызметтерін атқарған.
2016 ж. тамыз айының 12 жұлдызынан күні бүгінге дейін Төлеби ауданының әкімі лауазымын атқарып келді.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ
Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...










