ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы болып Азамат Ахметов тағайындалды, деп хабарлады Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
«ҚР қаржы министрінің бұйрығымен Азамат Ахметов ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметінен босатылып, Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды», — делінген сейсенбідегі хабарда.
А.Ахметов жаңа қызметке тағайындалғанға дейін 2017 жылдың желтоқсанынан бастап қазынашылық комитетін басқарған, ал бұған дейін комитет басшысының орынбасары болып қызмет атқарған. Ал 2014-2017 жыл аралығында Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаменті лауазымында жұмыс жасаған.