Дархан Калетаев ҚР қоғамдық даму министрі болып тағайындалды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Дархан Аманұлы Калетаев Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметінен босатылсын», — делінген ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сейсенбі күні қол қойылған жарлығында.
Еске салсақ, 29 маусымда Н. Назарбаев өз жарлығымен дін істері және азаматтық қоға министрлігін Қазақстанның қоғамдық даму министрлігі деп өзгертті. жаңа ведомствоаға сондай-ақ, қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бйоынша ҚР мәдениет және спорт министрлігінің міндеті мен өкілдігі беріледі.