Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Бүгін, 28 маусымда, өңір басшысы Нұрлан Ноғаев облыс активіне өзінің жаңа бірінші орынбасарын таныстырды. Бірінші орынбасар болып Серік Шапкенов тағайындалды. Ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты орнынан кеткен Сағындық Лұқпановты ауыстырды. Жиналыс бырысында өңір басшысы С.Лұқпановқа атқарған жұмысы үшін алғысын білдіріп, жаңа қызметте жетістіктер тіледі. Сондай-ақ, облыс әкімі С.Шапкеновтың үлкен еңбек жолын атап өтті. Оның кандидатурасы ҚР президенті әкімшілігімен келісілгеннен кейін ғана ұсынылған», — деп хабарлады бейсенбіде өңір әкімінің баспасөз қызметінен.
С.Шапкенов 2002-2012 жылдар аралығында мемлекеттік қызметте әр түрлі қызметтер атқарып келген. Қаржы басқармасының жетекші маманынан бастап, Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысына дейін. 2012 жылдың қаңтарында БҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалған, сол жылдың тамызында бірінші орынбасары болған. 2016 жылдың шілдесінен бастап қазіргі таңға дейін Атырау қ. әкімі қызметін атқарған.