Қазақстан халқы Ассамблеясы 2018 жылы 1 шілде күні сағат 09.00-дан бастап Ұлттық Домбыра күніне орай «Бабалардың көзіндей қасиетті Домбыра» атты қайырымдылық акциясын өткізеді, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
«Акция елорданың №3 перинаталдық орталығында сағат 09:30-да (мекен-жайы Ә.Молдағұлова көш., 28) және №2 перинаталдық орталығында сағат 10:30-да (мекен-жайы: Тәуелсіздік даңғылы 3/1 өтеді. Жаңа туылған сәбилерге арнайы ұлттық аспап – домбыра сыйға беріледі», — делінген басқарманың баспасөз хабарламасында.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияның мақсаты — қазақтың ұлттық аспабын — домбыраны насихаттау арқылы ұлттық мәдениетті сақтау және жандандыру идеясы бойынша қоғамды одан әрі нығайту.
«Бұл акция Қазақстанның жаңа азаматтарына және олардың ата-аналарына балалардың рухани дамуы үшін маңызды өмірлік хабар болады. Өйткені, ежелден бері қазақ халқының ұлы домбыраны білмесе, ол өз халқының рухын түсінбейді», деді басқармада.
Айта кетейік, шараның ұйымдастырушылары Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.