Әлем назарындағы БҰҰ-ның терроризмге қарсы стратегиясын мен оған қарсы іс-қимыл туралы кодексті қабылдау мәселесі де қаралды.
Сондай-ақ жиын барысында экстремизмге жол бермеу және террористік ұйымдардың бірыңғай тізбесін құру бастамасы тілге тиек етілді. Сарапшылар Қауіпсіздік кеңесі мен БҰҰ Бас ассамблеясының терроризмге қарсы күрес саласында қабылданған қарарлардағы жетістіктері мен кемшіліктеріне тоқталды. Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу жолындағы Қазақстанның бастамасына ерекше көңіл бөлінді.
Джавад Сафаи, БҰҰ жанындағы Иранның тұрақты өкілінің орынбасары:
— Бұл – өте заманауи бастама. Біз оны резолюция, декларация немесе кодекс болсын, кез келген түрінде қолдаймыз. Менің ойымша, Қазақстан ұйымдастырған пікірталастарға осындай көптеген елдердің қатысуы өте жақсы көрсеткіш. Яғни мемлекеттердің тұрақтылық орнатуға ниеті бар. Лаңкестікке қарсы күресте ашықтық пен өзара түсіністік болуы маңызды.
Дереккөз: 24.kz.