ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ
Нұрбек Жаhангерұлы Төкеевпен таныстығым өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғы болатын. Ол кезде мен Алматыдағы политехникалық институтында оқимын. Жазғы демалыс кезінде, өзім...
Кооператив 2017 жылы 40 га жерге қарқынды алма бауын еккен. Осы жұмыстар үшін 503 млн. теңге көлемінде инвестиция тартқан. Шаруашылыққа қажетті техниканы «Ырыс» МҚҰ аркылы 43 млн. 100 мың теңгеге лизинг бойынша қаржыландырған. «Гала», «Голден делишес», «Айдаред» және «Ред делишес» атты алманың сұрыптары егілген бауда 87500 дана түп ағаш бар. Кооперативте 50 адам тұрақты жұмыс істейді. Орташа айлық жалақысы – 90 мың теңге.
Мұнан кейін облыс әкімі Тасарық ауылында орналасқан жеке кәсіпкер С.Танабаевтың жүзім шаруашылығында болды. Кәсіпкер тастақ жерді тиімді пайдаланып, 2016 жылы жаңа технологиямен 10 гектарға жүзім еккен. Ал, 2017 жылы қосымша 10 гектар жерге 16 мың түп көшет отырғызды. Шаруашылыққа қарасты 20 гектарға жалпы саны 32 мың түп «Таифи-Розовый» жүзімі егілген.
Бетон тіреуіштер орнатып, тамшылатып суару жүйесін қолданған. Көшеттерді Сарыағаш ауданынан алдырған. Жобаның жалпы инвестициялық құны – 50 млн. теңге. Бұл қаржының тең жартысын «Даму» бағдарламасы аясында «Оңтүстік» аймақтық инвестиция орталығы бөлген. Қожалық басшысы 10 гектар жерді сатып алса, 10 гектар жерді мемлекеттен 49 жылға жалға алған. Жүзім алқабының әр гектарына мемлекет тарапынан 750 мың теңгеден субсидия берілді. Жүзімбақ биыл алғашқы өнімін бере бастайды. Гектарына 35-40 тоннадан өнім береді деп күтілуде.
Бүгінде жүзімбақта 10 адам тұрақты еңбек етіп жатыр. Жалақылары орташа есеппен 50 мың теңгені құрайды. Ал, маусымдық жиын-терім мезгілінде мұнда 20-ға жуық адам жұмысқа тартылады. Шаруа қожалығы алдағы жылдары жүзімді қайта өңдеу ісін қолға алып, жүзімбаққа жақын маңнан көкөніс сақтау қоймасының құрылысын бастамақ.Іскер шаруалардың жұмысымен танысқан өңір басшысы жеміс-жидекті өңдеу мәселесін қолға алу керектігін айтты.
«Еуропа елдерінде 10-15 гектар жері бар шаруалар тек дайын өнімді сатып қоймай, жеміс-жидек пен көкөністі өңдейді. Осы арқылы табыс молырақ түседі. Мәселен, алма, жүзім сақтайтын қоймалар мен оны өңдеп түрлі сусындар шығаратын кәсіпорын салсаңыздар тиімдірек болады. Жалпы, Төлеби ауданында жұмыстар атқарылып жатыр. Былтыр көпқабатты 8 үй тұрғындарға берілді. Бұл – аудан тарихында бұрын болмаған оқиға. Аудандағы елді мекендердің 94 пайызы ауыз сумен қамтылды. 14 елді мекенге, яғни, 5000 үйге газ берілді. Газдандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады. Жолдар салынып жатыр. Каналдар тазаланып, суармалы жер көбейді. Осы бағыттан айнымай, кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығын жандандыра түсу керек» деді Жансейі Түймебаев.
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қасқасу ауылдық округі, Кеңесарық елдімекенінде орналасқан «Есімхан төбе» тарихи орнына да барды. Археологиялық аймақ Сайрамсу өзенінің оң жағасында орналасқан. Деректерге сүйенсек,бұл Дәуіттөбе қалашығы отырықшы мәдениеттің орталығы болған. Қалашыққа 2006 жылы «Тарихи мәдени мұраны қорғау,қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталығы» МКҚК зеттеу жүргізген.



Нұрбек Жаhангерұлы Төкеевпен таныстығым өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғы болатын. Ол кезде мен Алматыдағы политехникалық институтында оқимын. Жазғы демалыс кезінде, өзім...
Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...
Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...
Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...
Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...
Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.