Жуырда еліміздің республикалың маңызы бар қала статусына ие болған Шымкент қаласына Ғабидолла Әбдірахымов әкім болып тағайындалды.
Ғабидолла үшін қаланың тыныс-тіршілігі таңсық емес. Себебі, ол Шымкентке осыған дейін 2 жылға жуық басшылық жасаған.
Ғабидолла Раxматоллаұлы 1975 жылы 23 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында дүниеге келген. 1996 жылы экономист-бухгалтер мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, 1999 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша мемлекеттік басқару неміс жоғарғы мектебін бітірген. Еңбек жолын 1996-1997 жж. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің ассистенті болып бастаған. 1999-2008 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы мемлектетік қызмет істері агенттігінің маманы, бөлім бастығы, төраға кеңесшісі, төрағасының орынбасары және төрағасы лауазымына дейін қызметтер атқарған. 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды. Ал, 2013 жылдан бері Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары, 2015 жылдың тамыз айынан Шымкент қаласының әкімі қызметін, ал тағайындауға дейін «Нұр Отан» партиясының хатшысы қызметін атқарған еді. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін жетік меңгерген.