Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Шымкент қаласында өткен «Бауырлас елдердің рухани ортақ құндылықтары» атты халықаралық форум аясында Өзбекстан мүфтиі Усманхан қажы Алимовпен кездесті.
Суретте: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз және Өзбекстан республикасының мүфтиі Усманхан қажы Алимов.
«Ұлы дала төсіндегі ислам» тақырыбында баяндама жасаған Серікбай қажы: «Қазақстан және Өзбекстан арасындағы байланыс жаңа кезеңге аяқ басуда. Соның бір бағыты-дін саласы. Дін мен дәстүр үғымы қазақ халқы үшін де, өзбек халқы үшін де бір-бірінен ажырамас егіз ұғым. Осы орайда Қазақстан және Өзбекстан мұсылмандары діни басқармалары арасында ұзақ мерзімді өзара ынтымақтастық туралы Меморандумның қабылдануы тарихи оқиға» дей келе осы жиынның руханият үшін пайдалы болатынына сенім білдірді.
Оңтүстік Қазақстан облысында өткен имамдар форумына еліміздің түкпір-түкпірінен 600- ден астам имам қатысты.
«Айғақ» ақпарат.