• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Маусым 17, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Назарбаевқа Қазан федералды университетінің Құрметті докторы атағы берілді

16.06.2018
0

Татарстан Республикасына жұмыс сапары барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазан федералдық университетінде болды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

002

001

«Оқытушы-профессорлар құрамымен кездесудің алдында Нұрсұлтан Назарбаев Қазан қаласында оқып жатқан Қазақстан студенттерімен әңгімелесті. Мемлекет басшысы жас қазақстандықтарға толағай табыс тілеп, зор жетістіктерге жетулеріне ниеттестік білдірді.

Мемлекет басшысына Қазан федералдық университетінің Құрметті профессоры атағы берілді», — делінген Ақорданың ресми сайтында жұма күні жарияланған хабарда.

005

Ресей Федерациясының жетекші оқу орындарының бірі саналатын университет ұжымына арналған сөзінде Қазақстан Президенті білім ордасының академиялық және ғылыми базасы мықты екенін, сондай-ақ оның инновациялар саласындағы нақты жетістіктерін атап өтті.

– Тарихи деректерге сәйкес, Қазан университетінде 1877 жылдан бастап қазақ интеллигенциясы да білім ала бастаған. Оқу орнының Қазақстанмен тарихи байланысы бүгінге дейін жалғасып келе жатқаны қуантады. Қазіргі уақытта мұнда түрлі мамандық бойынша 500-ден астам қазақстандық студент оқиды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің 25 жылдық дипломатиялық қатынастары кезеңінде екі жақты саяси және экономикалық ынтымақтастық үлгі боларлық дәрежеге жеткенін атап өтті.

– Тығыз ынтымақтастығымыздың арқасында ТМД кеңістігінде жаңа интеграциялық бірлестік – Еуразиялық экономикалық одақ пайда болды, – деді Қазақстан Президенті.

006

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Татарстан арасындағы ынтымақтастықты Астана мен Мәскеудің стратегиялық серіктестігінің маңызды элементі деп атады.

– Қазақстан үшін бауырлас татар халқының орны ерекше. Біздің тарихи тамырымыз ортақ, тіліміз, әдет-ғұрпымыз бен салт-дәстүріміз ұқсас. Елдеріміз арасындағы тарихи достық дәнекері Қазақстан мен Татарстанның қазіргі кезеңдегі ынтымақтастығы үшін берік негіз болып отыр, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев екі мәдениет пен халықты жақындастыра түсу ісінде татар диаспорасы маңызды рөл атқаратынына назар аударды.

Қазақстан Президенті Татарстан Республикасымен бірлесе жүзеге асырылып жатқан жобалар жөнінде айтты.

– Біз машина жасау, мұнай химиясы, әскери-техникалық және көлік-логистикалық ынтымақтастық салаларында түрлі инвестициялық жобаларды бірлесе іске асырып келеміз. Біздің елордаларымыз – Астана мен Қазан арасында бауырластық байланыс орнаған, ал Алматы мен Қазан серіктес қалалар саналады, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның цифрландыру және технологиялық революция жағдайындағы экономикалық даму үдерісі жөнінде айтты.

Мемлекет басшысы адами капиталдың әлеуетін арттыру және интеллектуалды ұлт қалыптастыру үшін Қазақстан тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде кеңінен әңгімеледі.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев «Тілдің үштұғырлылығы» жобасының іске асырылу барысы және еліміздің орта білім беру жүйесіне ІТ-технологияларды енгізу жөнінде айтты.

Мемлекет басшысы бүгінде Қазақстанда халықаралық бағдарламалардың талаптарына сәйкес балаларды жаратылыстану-математика пәндері бойынша оқытуға бағдарланған 20 зияткерлік мектеп салынғанын атап өтті.

– Индустриялық-инновациялық даму үдерісінің талаптарын ескеріп, техникалық және кәсіби білім беру ісінің құрылымы мен мазмұны жаңғыртылуда. Қазақстанда әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орны саналатын «Назарбаев Университетінің» салынуы еліміздің жоғары білім беру саласындағы ең ірі және маңызды жобасына айналды. Бұл – халықаралық стандарттарға, дербестік және академиялық еркіндік қағидаттарына сәйкес жұмыс істейтін Қазақстандағы алғашқы университет, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға әлемнің үздік университеттерінде білім алуға мүмкіндік берген «Болашақ» бағдарламасының нәтижелері жөнінде де әңгімеледі.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей арасындағы тату көршілік пен достық қатынастарды нығайту қажеттігіне назар аударып, бұл мәселеде жастар маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Осыған орай Нұрсұлтан Назарбаев Астана мен Мәскеу ынтымақтастығын одан әрі ілгерілету үдерісіне екі елдің өскелең ұрпағын белсенді түрде тартуды көздейтін бірқатар іс-шара ұйымдастыруды ұсынды.

– Қазақстан мен Ресейдің жас көшбасшыларының форумын ұйымдастыруды ұсынамын. Бұл басқосу жастарға мемлекеттерімізді дамытудың өзекті мәселелеріне қатысты өз ойларын ортаға салуға және нақты ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мәдени байланыстарға тың серпін беріп, елдеріміздің дарынды және шығармашыл жастарына қолдау көрсету мақсатымен жас орындаушылардың, суретшілер мен музыканттардың жыл сайынғы байқауларын өткізуді жандандыру керек, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті спорт саласындағы ынтымақтастықты да нығайту қажеттігін атап өтті.

– Біздің жас спортшыларымыз арасындағы байланыстар өзекті болып саналады. Екі ел жастарының арасында тұрақты түрде турнирлер өткізуді студенттер қауымы қолдайды деп ойлаймын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында Мемлекет басшысы Қазақстан-Татарстан достығы мен өзара түсіністігінің ізгі дәстүрі халықтарымыздың игілігі үшін жалғасын тауып, нығая беретініне сенім білдірді.

Құрметті профессор атағын беру рәсімі аяқталған соң Қазақстан Президенті Қазан федералдық университетінің Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 15 маусымда Қазан қаласында Қазақстан мен Татарстан президенттері Н.Назарбаев пен Рустам Миннихановтың кездесуі жоспарланған.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

Айғақ медиа
16.06.2025
0

  Су Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан жіберілді. Бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу шаралары аясында былтыр қыркүйектен басталып,...

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен үздік дәрігерлер, денсаулық сақтау қайраткерлері, түрлі бағыттағы мамандар жоғары мемлекеттік наградаларға ие...

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды. Бұл...

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкері күні қарсаңында біз өмірді сақтаудың тағы бір тарихымен бөлісеміз. Осы жылдың 30 мамырында Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

    2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн...

КЕНТАУЛЫҚ СТУДЕНТ ОҚУШЫЛАРҒА БОЛАШАҚ КӘСІБІН ТАҢДАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН СТЕНД ОЙЛАП ТАПТЫ

КЕНТАУЛЫҚ СТУДЕНТ ОҚУШЫЛАРҒА БОЛАШАҚ КӘСІБІН ТАҢДАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН СТЕНД ОЙЛАП ТАПТЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

Кентау политехникалық колледжінің 4-курс студенті Улугбек Бахтияров жұмысшы мамандарын даярлауға арналған оқу стендін жасап шығарды. ASAR-1 — инженерлік мамандықтарды біріктіретін...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.