Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан астанасы Қазанға жұмыс сапарымен барды.
Онда Президент бірқатар маңызды кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр. Алдымен Қазан федералды университетінде студенттермен және оқытушылық құраммен жүздесу ұйымдастырылады. Бұл оқу орнында 40 мың студент білім алады. Солардың 500-і қазақстандық. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев Татарстанның басты сәулеттік нысаны Қазан Кремліне барады. Онда Мемлекет басшысы Рустам Миннихановпен кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді.
Естеріңізге сала кетейік, Президент футболдан әлем чемпионатының ашылу рәсімін және Ресей мен Сауд Арабиясы арасындағы алғашқы ойынды тамашалаған болатын.
Дереккөз: 24.kz