• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Сәуір 3, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қасиетті домбыраның түрлері туралы не білеміз?

15.06.2018
0

Алматыда қалаға келген қонақтардың, шетелдіктердің бас сұғатын ерекше көрнекті орны бар. Ол — Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптары музейі. Әрине, адамдар домбыраны күнде көріп жүр. Бірақ, мұнда күй атасы Құрманғазының, Динаның, Ақан сері мен Біржан салдың, Махамбет Өтемісұлының, Нұрғиса Тілендиевтің, Ахмет Жұбанов сияқты он саусағынан өнер тамған азаматтардың қолында күмбірлеген аспаптарды көруге мүмкіндік бар.

Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптары музейіне қасиетті домбыраға 2 үлкен зал берілген.

«Қос ішектің бірін қатты, бірін сәл-сәл кем бұра, нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» демекші музейде сақталған ерекше экспонаттармен Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі қорының сақтаушысы Жансая Қожахан таныстырды.

Оның айтуынша, музейде 200-ге тарта домбыра сақтаулы. Олардың әрқайсысы өзінше құнды, тарихы әртүрлі.

Негізінен құнды экспонаттар қатарына мемориалдық залда тұрған домбыралар жатады.

«Домбыра — қазақпен егіз аспап. Рухани мәдениетімізді осы күнге жеткізген қасиетті қара домбырасы. Оның пайда болуы және дамуы жайлы көп әңгімелер бар. Жошы ханның ұлымен байланысты Ақсақ құлан туралы аңызды да білесіздер. Соңғы кездерде жүргізілген археологиялық қазбалардан домбыраға ұқсас аспап табылуы, тасқа қашалған суреттер табылғаны домбыраның тарихы тереңде екенін білдірсе керек. Моңғолия жерінен 1500 жылдық тарихы бар домбыра табылды. Домбыраға ұқсас көне аспапты ШҚО Алтай жерінен археолог, тарихшы Зейнолла Самашев тапқан болатын. Көне жәдігер шамамен сақ дәуіріне сәйкес келеді»,- деді Ж.Қожахан.

Мұнда бағалы экспонаттардың көпшілігі мемориал залында орналасқан. Мұнда белгілі ақын-жыраулар, сал-серілердің күйші- композиторлар ұстаған домбыралар сақталған. Олардың әрқайсысының дауысы, түр-пішіні өзгеше. Қасиетті домбыраның түрлері туралы не білеміз?Жансая Қожаханның айтуынша, домбыраның өзі географиялық ерекшелікке қарай екі түрге бөлінеді. Солтүстік Қазақстан, Орталық Қазақстан, Жетісу жерінде қалақ түріндегі домбыра кеңінен таралған. Қалақ пішінді домбыра атақты Ақан серіде, Біржан салда болған. Мұндай домбыра әнді сүйемелдеуде және шертпе күй орындауға қолданылады. Қасиетті домбыраның түрлері туралы не білеміз? Ақан сері мен Біржан салдың домбыралары Ал жұмыр шанақ пішінді домбыра батыс пен оңтүстікте көп кездеседі.

Ерекшелеп айтар болсақ, Махамбет Өтемісұлы, Сейтек Оразалыұлының домбыралары жұмыр шанақ пішінді. Жұмыр шанақ домбыраларды кейбір шеберлер түрікмен домбырасына ұқсатып тұтастай мойнымен жасаған.

Жұмыр шанақ домбыра көбіне динамикалық төкпе күйлерді орындауға арналған.

Маманның айтуынша, ең әсем қоңыр әуен малдың ішегінен жасалған домбыраларда болады.

«Ертеректе ата-бабаларымыз малдың ішегін пайдаланған. Қазір оған екінің бірінің қолы жете бермейді. Сонымен қатар, тез шіриді. Қазір оның орнына желкі, жібек жіп қолданады. Әуеніне келер болсақ, табиғи жасалған ішектен жасалған домбыраның үні керемет болады. Домбыра құралып та жасалады. Сондай-ақ, небір мықты шеберлер оны тұтас ағаштан ойып та жасайды», — деді ол. Қасиетті домбыраның түрлері туралы не білеміз? Қасиетті домбыраның түрлері туралы не білеміз?

Мұнда жеткізілген домбыралардың барлығының келу тарихы да әртүрлі.

Былтыр музейге тапсырылған Ақан серінің домбырасын Сәкен сері Жүнісов Ақанның ғашығы Ақтоқтының ұрпақтарынан алған. Құрманғазы Сағырбайұлының домбырасының көшірмесін көшірмесін, оның шәкірті Ерғали Есжановтың домбырасын белгілі күйші Едіге Нәбиев тапсырған.

Динаның домбырасы 1980 жылы Атырау тарихи өлкетану музейінен жеткізілген. Қасиетті домбыраның түрлері туралы не білеміз? Динаның домбырасы Сонымен қатар, музейде ең көне экспонаттардың бірінің көшірмесі таңқалдырады. Ресейдің Саратов елді мекеніндегі көшпенділер қонысында домбыраға да, қобызға да ұқсайтын көне аспаптың фрагменттері табылды. Бұл шамамен ХІІІ-ХҮ ғасырларға тән жәдігер екені анықталды. Қасиетті домбыраның түрлері туралы не білеміз?

Музей экспонаттарын тамашалай отырып жер бетіндегі халықтар тек қана экономикалық географиялық тұрғыдан ғана байланыста болмағанын анық аңғаруға болады. Музейде орналасқан басқа ұлт өкілдерінің ішекті аспаптары көне мәдениеттің сабақтастығы, мәдениеттер байланысынан сыр шертеді.

Тіпті Африканың Марокко еліндегі тайпаларда да домбыраға ұқсас аспап бар екен. Атауы да ұқсас — Гамбри Қасиетті домбыраның түрлері туралы не білеміз? Қасиетті домбыраның түрлері туралы не білеміз? Қасиетті домбыраның түрлері туралы не білеміз? Қасиетті домбыраның түрлері туралы не білеміз?

«Туыстас халықтардың қайсысын алсақ та, аспаптар өте ұқсас болып келеді. Түріктердің сазы, формасы бойынша келеді. Тек жасалу технологиясы басқа. Өзбектерде, қарақалпақтарда дутар аспабы бар. Қырғыздың қобузы да қазақтың домбырасына ұқсайды. Түрікмендер аспаптарына металл ішек тартса, өзбектер біз сияқты желкі тартады», — деді Жансая Қожаханқызы.

Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптары музейіне көбіне шетелдіктер жиі келеді. Өйткені олардың қызығушылығын тек домбыра ғана емес, қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары тудырып отыр.

Дереккөз: inform.kz.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

⚡️Түркістан төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табысталды. Салтанатты рәсімде...

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Шымкентте А.Асқаров атындағы мемлекеттік дендрологиялық саябақ аумағында келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында маңызды жоба сәтті жүзеге асырылды. Жасанды көл маңындағы...

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

 Шымкентте Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын форматтағы отырысы өтті. Оған Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин,...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық аясында Түркістан облысы биыл ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріп отыр. Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында...

КҮРІШ ПЕН МАҚТА ЕГІСТІКТЕРІ АЗАЯДЫ

КҮРІШ ПЕН МАҚТА ЕГІСТІКТЕРІ АЗАЯДЫ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

24 ақпанда өткен Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы пысықталды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мақта мен күріш егілетін...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.