Шымкент қалалық жер қатынастары бөлімінің жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Бұл лауазымды енді бөлім басшысының орынбасары қызметін атқарып келген Нұралиев Эльдар Шымкентбайұлы атқарады.
Жер қатынастары бөлімінде арнайы жиын өткізген Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев жаңа басшының сынақ мерзімге тағайындалғанын атап өтті. Жаңа басшысы алдағы үш ай уақыт мерзімінде жұмыс нәтижесін көрсете білуі тиіс. Бұл ретте жер қатынастары бөлімінің қызмет бағалауда негізгі талап ретінде тұрғындардың пікірі басты назарға алынбақ.
— Біз сіздің жұмысыңызды тұрғындардың пікірімен бағалаймыз. Өйткені жер қатынастары бөлімінің қызметіне қатысты көптеген шағым түсуде. Осы орайда сіз өз қабілет-қарымыңызды көрсетуге тиіссіз, — деп атап өтті қала әкімі.
Айта кетейік, бөлімде тұрғындармен тығыз байланыста қызмет ету сандық жүйеге көшу арқылы жүзеге асуы тиіс. Жер қатынастары бөлімінің жаңа басшысы үшін мұндай жүйені қалыптастыру белгіленген сынақ мерзімінде түбегейлі тәжірибеге енгізілуі тиіс.